RU

Канар аралдары қысқы демалыс үшін ең қолжетімді демалыс орны атанды

Жылы өлкелердегі қысқы демалысты ұнататындар үшін қаржылық жағынан 2014 жылғы ең тиімді курорт болып Фуэртевентура (Канар аралдары) аталды.

  Бұл  туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

 Мұндай қорытындыны TripAdvisor туристік сервис сарапшылары жасады. Тиісті рейтингіні туристік индустрия мамандары жылы елдердегі қысқы демалыс үшін ең танымал 29 курорттың бағдарларын салыстыра зерттеу негізінде жасады.

Ең қолжетімді қысқы жағажай бағыттары үштігіне Канардың Тенериф аралы (екінші орын) және үндістандық Гоа (үшінші орын) кірді. Қыста демалушылар үшін ең қымбат жағажайлар Теркс пен Кайкос болып шықты. Мамандар төрт адамнан құралған отбасының апталық демалысынан қорытынды жасады.

Сарапшылар шығындардың жалпы сомасына 2015 жылдың қысында апта бойы екі жатын бөлмесі бар, апартаменттерді, бір аптаға автомобильді жалға алуды, төрт адамға тағамдар мен мейрамханадағы кешкі асты және сусындарды қосты.

Қысқы демалыс үшін ең бюджетті орындар мынадай болды:

1. Фуэртевентура, Канар аралдары (665 еуро бір апта демалысқа)

2. Тенерифе, Канар аралдары (727 еуро)

3. Гоа, Үндістан (769,3 еуро)

4. Гренада, Кариб аралдары (769,4 еуро)

5. Шарм-эль-Шейх, Египет (771 еуро)

6. Марракеш, Марокко (803 еуро)

7. Лансароте, Канар аралдары (818 еуро)

8. Шри-Ланка (822 еуро)

9. Орландо, Флорида (1079 еуро)

10. Маврикий (1179 еуро) А

Ең қымбат орындар рейтингісі мынадай:

1. Теркс және Кайкос, Кариб (5016 еуро бір апталық демалыс)

2. Барбадос, Кариб (2658 еуро)

3. Кайманов аралдары, Кариб (2331 еуро)

4. Дубай, БАӘ (2225 еуро)

5. Ямайка, Кариб (2083 еуро)

6. Сент-Люсия, Кариб (1981 еуро)

7. Майами, Флорида (1960 еуро)

8. Голд-Кост, Австралия (1824 еуро)

9. Рио-де-Жанейро, Бразилия (1734 еуро)

10. Оңтүстік арал, Жаңа Зеландия (1660 еуро)

Бұл тізім 15 желтоқсаннан 2015 жылғы 31 наурызға дейінгі бағалар болжамы бойынша жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/341348-kanar-araldary-kysky-demalys-yshin-en-kolzhetimdi-demalys-orny-atandy.html