RU

Қарағандылық әйел өзінің 12 жыл бұрын жерленгенін кездейсоқ білді

Майқұдықтан үй шаруашысындағы әйел Валентина Сакман Халыққа қызмет көрсету орталығына барғаннан бері өз-өзіне келе алмай жүр. Онда әйелге оның көптен бері тірілер қатарында жоқ екенін естірткен.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Өзінің бұл жағдайын Валентина Ивановна кездейсоқ білді. Қарашаның басында ағасын жерлегеннен кейін оның өлімі туралы анықтама алу үшін ХҚКО-ына барған болатын.

"Көзімді салып тұрмын, қызмет көрсетіп отырған қыз маған біртүрлі қарайды. Біреуді шақырып келді, одан кейін тағы біреулер келді. Бәрі біресе компьютерге қарайды, біресе маған қарайды, содан кейін "Шынында сізбісіз?", деп сұрады. Мен бөркімді шештім де: "Немене, ұқсамаймын ба?" - деп сұрадым. Әлдебір алаяқтар менің құжаттарыммен үлкен несие алған шығар деп шошып кеттім", - дейді Валентина Ивановна.

Валентинаның айтуынша мекемедегі қызметкерлер келіп, "Сіз бізде өлгендер қатарында тіркеулісіз" деп айтқан екен. Өзі осыдан кейін не болғанын білмей, есінен танып, ештеңе айта алмай, дірілдеп кеткенін жеткізді.

Валентина Ивановнаға он күн күтуге кеңес берді және қатені түзейміз, міндетті түрде "тірілтеміз" деп сендірді. Ал ол бір айдан кейін зейнеткерлікке шығуы қажет еді. Ол тезірек құжаттарын жинастыруы тиіс. Бірақ та қайда барса да, бас тартады. Соңғы рет ол зейнетақы салымдары үшін есепшот ашқысы келген, оған "біз өлген адамдарға қызмет көрсетпейміз", депті.

Сонымен Валентина Ивановна 12 жылдан бері марқұмдар қатарында екені анықталды. Ол 2002 жылы 45 жасқа толуына байланысты жеке куәлігін ауыстырмақшы болған, бар пәле сол кезде басталған. Содан бері ол заңсыз өмір сүрген сияқты болып тұрды.

Әдетте ол ешқайда шыға бермейтін, үй шаруашылығымен айналысатын, сыртқы шаруаларды күйеуі тындыратын еді. Ол өзінің азаматтық құқығын қалпына келтірмекші болып еді, мемлекеттік төрешілдік машинаның қасаңдығынан зардап шекті.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/341349-karagandylyk-ejel-ozinin-12-zhyl-byryn-zherlengenin-kezdejsok-bildi.html