Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қамажайды" қорлаған клип көрермендердің ашуын туғызды (видео)

Опубликовано:

Жан Әсел атты әншінің қазақтың халық әні "Қамажайға" түсірген бейнебаяны тыңдармандардың ашуын туғызды.

Бұл туралы Алаш айнасы порталы хабарлайды.

"Осыдан біраз уақыт бұрын Кентал деген әнші "Бірлік болсын әлемде, бірлік болсын елімізде, аман болсын халқым, халқым" деп үш ауыз сөзден тұратын әнге клип түсіргенде Отанға деген сүйіспеншілікті осылай да жеткізуге болады екен-ау деп таңқалған едік. Ал бүгін әлеуметтік желілелерді аралап жүрген, қоғамдық көліктерде айғайлап қосылып тұратын "Қамажай" деген әнге түсірілген клипті көріп "неткен шедевр" деп таңғалып отырмын", - деп жазады мақала авторы.

"Қамажай" дегенге ұлттық киім киіп алып мың бұрала билеп жүрген қыздар екен деп ойлап қалмаңыз. "Қамажайды" басқаша қабылдайтындар да бар.

Айталық, өздерін ЖАн Асель feat МАра БАСт & АлМАз Ақылбек деп таныстырған топ әнге клип түсіріпті.

"Үндінің стилінде киінген әнші: "Қазақ елім бар, Дархан жерім бар, Өшпес тілім бар, ана тілім балдай. Оттай лаулаған, құстай сайраған, жасай бер тілім, жасай бер, жасай бер" деп әнге қосып, биді де "қатырып" жіберіпті. "Айхай, қамажай, отырмасын ешкім жай" деп жұртты билетуде жан салмайтынын тәтеміз бен екі жігіттің осы клиптерін қандай мақсатта түсіргені өздеріне мәлім шығар", - делінген мақалада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/341641-kamazhajdy-korlagan-klip-korermenderdin-ashuyn-tugyzdy-video/

pixel