Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"KazSport" арнасының жаңа бас директоры тағайындалды

Опубликовано:

Қазақстанда ашылған тұңғыш мемлекеттік "KazSport" спорт телеарнасының бас директоры болып Асхат Сағынаев тағайындалады.

 Бұл туралы арнаның комментаторы Сергей Райлян өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Алаш айнасы" интернет-порталы.

Еске салайық, қараша айының басында "KazSport" телеарнасының бұрынғы директоры Диас Ахметшәріп қызметінен босаған еді. Содан кейін бір ай көлемінде бұл орын бос болып келіп, өткен аптада арнаның бас редакторы болып Асхат Сағынаев тағайындалыпты.

Бұл туралы комментатор Сергей Райлян өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"KazSport" телеарнасы өте сәтті трансфер жасады. Арнаның бас рекдактор қызметіне "Хабар" арнасында менің көп жылдар бойы қызметтес болып келген әріптесім – Асхат Сағынаевты тағайындады. Асхат спорт тақырыбын бүге-шегесіне дейін білетін, өз ісінің нағыз маманы. Телеарна мен Асхатқа сәттілік!", - деген Сергей Райлян жазбасында.

Ал, "Алаш айнасының" тілшісіне белгілі болғандай, арнаның басшылары Асхат Сағынаевты бұл қызметкен өткен аптада таңдаған екен. Дегенмен, ол әлі ресми түрде қызметіне кіріскен жоқ. Қолдағы бар мәліметтер бойынша, жаңа редакторды бүгін қызметіне ресми түрде бекітеді.

Спорт арнасына танымал комментатор Амангелді Сейітхан басшылық етуі мүмкін деген жорамалдар да болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/341905-kazsport-arnasynyn-zhana-bas-direktory-tagajyndaldy/

pixel