RU

Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай әлем чемпионы атанды

Бокстан Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ қызы Назым Қызайбай алтын алды. Ол финалда үндістандық Шамджетсабам Сарджубаланы ұтты.

Бұл туралы Аламан порталы хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұл Қазақстан әйелдер боксының тарихындағы әлемдік сынның алғашқы алтыны. Осыған дейін Назым 2012 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде иеленген.

Финалда тағы бір боксшымыз алтын үшін таласады. 81 келідегі  Ләззат Күнгейбаева жартылай финалда түрік Эмине Боздуманмен кездесіп, жеңіске жеткен.  Ол енді финалда ресейлік Зенфира Магомедалиевамен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/341937-kazaktyn-boksshy-kyzy-nazym-kyzajbaj-elem-chempiony-atandy.html