RU

Астанада 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды

Астана қаласында қатты аязға байланысты 25 қараша күні елорда мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. 

Бұл туралы "Қазгидрометке" сілтеме жасап, аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы смс-хабарлама таратты.

Аптаның соңына қарай аяздың беті қайта бастайды деп хабарлады 24.kz.

Елордада ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді. Есесіне, жақын күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн суытуы мүмкін. Синоптиктердің соңғы үш күнге берген ақпаратына сүйенсек, ол аймақтарда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз сынап бағанасы -10-15 градусты құрайды.

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның ықпалымен бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы күйшейіп, ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.

"Астана қаласында ертен жауын-шашынсыз күн райы байқалады, бұрқасын болады, ауа температурасы түнде 26-28 градус аяз, алдағы күндері 18-20 градус аязға дейін көтеріледі. Күндіз алдағы үш күнде сынап бағанасы 16-18 градус шамасында болмақ", - деді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Әлия Оспанова.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында аяз салдарынан 4 қалада және 5 ауданда мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Шемонаиха, Риддер, Семей, Курчатов қалаларында, Жармалы және Абай аудандарында 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

"Көкпекті ауданында 1-11 сыныптарда, Бесқарағай ауданында 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/342087-astanada-1-4-synyp-okushylary-yshin-sabak-toktatyldy.html