Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады

Опубликовано:

Биыл желтоқсан айының 31 күнінде 11 күн демалыс болғалы тұр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Осы айдағы мерекелік күндерге тоқталсақ: 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, мемлекеттік мереке дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондай-ақ 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні бар. Ол күндер биыл сейсенбі мен сәрсенбіге түсіпті.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, бұл күндер мерекелік күндер, сәйкесінше, демалыс күндері болып табылады. Осылайша, биылғы жылдың күнтізбесіне сәйкес, аптасына 5 күн жұмыс істейтін жұрт, желтоқсан айында сенбі мен жексенбіге сәйкес келген 8 күн демалыстың үстінен мемлекеттік және ұлттық мерекеге берілетін демалыс күндерді қоса есептегенде 11 күн демалады.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, 16-17 желтоқсандағы демалыс күдері сейсенбі мен сәрсенбіге сәйкес келгендіктен, 15 желтоқсан –дүйсенбідегі жұмыс күні 13 желтоқсан – сенбі күнге ауыстырылуы мүмкін.

Ескерту, демалыс күндерді ауыстыру тек Үкіметтің тиісті қаулысы шыққан жағдайда жүзеге асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/342143-kazakstandyktar-zheltoksan-ajynda-11-kyn-demalady/

pixel