RU

Ұлыбританияда автокөлік нөмірі 820 мың долларға сатылды

Ұлыбританияда автомобиль нөмірі рекордтық баға - 820 мың долларға сатылды.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Лондондық Daily Mail газетінің жазуынша, автомобиль диллері Джон Коллинс "25 0" нөміріне осындай ақша төлеген. Сирек нөмірлер аукционы Кардиффте өтті.

Оны ұйымдастырған Автомобиль жүргізу құқы және лицензия жөніндегі агенттік алғашқыда 6 мың доллар тағайындаған еді. Бірақ ол 136 есе көтерілді.

Оның бұлайша шырқауына Коллинстің өзінің 1961 жылы шығарылған Ferrari 250 SWB машинасына тіркеу белгісін алғандығы себеп болған.

Қорытындысында ол көліктің сериялық нөмірімен сәйкес келді. Бұдан бұрын Коллинс аукционда "250 L" атаулы белгісін 208 мың долларға сатып алған-ды.

Ал бұрынғы рекордтық баға бизнесмен Афзал Ханға тиесілі еді. Оған 2008 жылы "F 1" тіркеу белгісі 700 мың долларға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/343013-ylybritaniyada-avtokolik-nomiri-820-myn-dollarga-satyldy.html