Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлердің не үшін пластикалық ота жасайтыны анықталды

Опубликовано:

Қазіргі таңда бет-пішінге ота жасайтын елімізде клиникалардың саны артты. Табиғат берген келбетін өзгертуге ниет білдіргендердің ішінде қазақстандық әйелдермен қоса ер азаматтардың да қатары қалың.

Бұл туралы Алматы арнасына "Дарус" клиникасының директоры Алена Бапаева мәлімдеді.

"Негізі біздің клиникада бір күнде 3 ота жасалады. Ал аптасына біз алты күн жұмыс істейміз. Енді жылына қанша адам операция үстеліне жататынын есептей беріңіз. Ер адамдарға келетін болсақ, олар негізінен блефаропластика, смас лифтинг сынды ота түрлерін жасатады. Ерлердің төстерін әйелдердікі сияқты үлкейіп кететін кездербде аз кездеспейді. Міне сол олқылықты өзгерту үшін мастопексия жасатады. Осындай мәселемен клиникаға азаматтар жиі келеді", - деді Алена Бапаева.

Клиника басшысы ер адамдар соңғы жылдары сыртқы келбеттеріне аса назар аудара бастағандықтарын айтады.

"Осыдан 2-3 үш жыл бұрын клиникаға келетін ер адамдардың саны аз еді. Қазіргі таңда азаматтар өздерінің сырт келбеттеріне аса назар аударатын болған. Сондықтан да, клиника емделушілерінің ішінде ерлер де бар. Олар бұл құбылысқа оң көзқарас танытуда. Себебі, блефаропластика, смас лифтингтен кейін адам әлде қайда жас көрінеді. Отаны қазақ азаматтар да жасатады", - деді ол.

Пышаққа түсуге өз еркімен келісушілер кімдер деген сұрағымызға Аленаның жауабы да дайын болды.

"Түрлі жас шамасындағы азаматтар. Негізі блефаропластиканы азиат типті ер адамдар жасатады. Яғни, олар қабақтың пішінің өзгертеді. Көбінесе қызмет атқаратындар келеді. Әрдайым жақсы көріну үшін кәсіпкерлер клиниканың көмегіне жүгінеді. Олар шамамен 40 жастан асқаннан кейін ота жасату турасында ойлана бастайды. Өздерінің серіктестері мен бәсекелестерінің қасында жақсы көріну үшін ота жасатады", - деді "Дарус" клинакасының басшысы.

Аталмыш хирургияның Қазақстанға келгеніне біраз жыл болды. Ал жалпы дүниежүзі бойынша қарар болсақ, пластикалық ота жасаудан көшті Оңтүстік Корей елі бастап тұр. Екінші орында Греция орныққан. Италия үшінші орынды иеленсе, одан кейін Бразилия тізбекті жалғастырып тұр. Колумбия болса пластикалық ота жасау бойынша алғашқы бестікті түйіндеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/343173-erlerdin-ne-yshin-plastikalyk-ota-zhasajtyny-anyktaldy/

pixel