RU

Баян Есентаева "Лашын" тобын халыққа таныстырды (видео)

Продюсер Баян Есентаева жаңа жобасын халыққа таныстырды. Үш қыздан құралған "Лашын" тобы алғашқы әндеріне клип түсіріп үлгерген.

"Қазағымның арулары-ай" деп аталатын әннің сөзін ақын Ринат Зайытов, әнін композитор Арман Дүйсенов жазыпты. Әнші қыздарға киім тіккен – Аида Қауменова. Баян Есентаева киімге сапасы жоғары маталардың пайдаланылғанын айтады.

"Лашын" тобындағы қыздардың есімдері – Ақбота, Сара және Элизат. Олар 18, 19 және 20 жастағы бойжеткендер.

Танымал продюсер әрі тележүргізуші жоба сәтті шығып, "Кешью" тобы мен Жанар Дұғалованың жолын қуса, тағы бір топты, мүмкін жігіттерден құралған тобын, дүниеге әкелуге уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/343570-bayan-esentaeva-lashyn-tobyn-halykka-tanystyrdy-video.html