Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық рэпер қыздардың әуретті жеріне арнап ән жазды (видео)

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын "Маған негізі сенің көтенің ұнайды" атты ән жарық көріп, әнге түсірілген клип ғаламторда кеңінен талқыланған еді. Сол әннің қайырмасын жазған алматылық Мәди Қадырханов туындыны жазғандағы мақсатымен бөлісті.

Бұл туралы ол Замана газетіне берген сұхбатында айтқан.

"Менің әнді жазуыма бір қызға деген сезімім себер болды. Мен оны ұнаттым, содан осындай туынды жарыққа шықты", - дейді рэп орындаушысы.

Ол әннің мәтініне неліктен ұятсыз сөздер қосылғанын да түсіндіріп берген.

"Енді маған көтені ұнап тұрса, мен оны өзгерте алмаймын ғой. Қай жері ұнайды, сол жерін айтамын. Ол үшін маған ешкім тосқауыл бола алмайды. Меніңше, "көтен" ең әдемі, ең жұмсақ естілетін теңеу сияқты", - дейді Мәди.

Ол аталған бейнебаянға өзінің туған-туыстарының біраз өкпелегенін жасырған жоқ.

"Жасыратыны жоқ, туыстарым тарапынан әжептеуір өкпе-реніш айтылды. "Мұның не? Есің дұрыс па?" дегендер де болды. Бірақ бәрі уақыт өте келе басылды ғой. Қазір жастар арасында ең көп таралған рэп болып тұр. Сыннан гөрі мақтау сөзді көбірек естідім", -дейді ол.

Мәди Қадырханов қыздардың аталған дене мүшесі жігіттердің көбіне ұнайтынын, бірақ оны өздері сияқты батылдық танытып, жалпақ жұртқа жария ете алмайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/343649-otandyk-reper-kyzdardyn-euretti-zherine-arnap-en-zhazdy-video/

pixel