Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан аймақтарында жел тұрып, боран соғады деп күтілуде

Опубликовано:

Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық ауа ағымының өтуіне орай күн райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады.

Бұрқасынды желдің екпіні күшейе түседі, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ашық ауа райы сақталады, кей аймақтарда тұман түседі, деп хабарлады "Қазгидромет".

Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейіп, бұрқасындатады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей аймақтарында боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысында кей жерлерінде боран соғып, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-қа, ұйытқуы - 25 м/с-қа жетеді, түнде тұман түседі.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қостанай облысында кей жерлерінде тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/344804-bygin-kazakstan-ajmaktarynda-zhel-tyryp-boran-sogady-dep-kytilude/

pixel