RU

Дәуіт Шайхисламов пародия арқылы қазақ тілін үйренуге шақырды (видео)

Белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов қазақ әріптері туралы ән шығарды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Шоумен бейнебаянда қазақстандықтарды туған тілін меңгеруге, қазақша сөйлеуге шақырған.

"Бұл туралы идея канадалық әнші Kiesza "Hideaway" әнін тыңдаған соң келді. Мәтінді бар-жоғы 10 минутта жаздым. Достарым әнді жақсы бағалады", - деді шоумен.

 

Дәуіт аталған әнге бейнебаянды түсіруге 5 сағат уақыты кеткенін айтады.

Оған "Большая восьмерка" продакшн-студиясы мен Funky Town би тобы көмектескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/345040-deuit-shajhislamov-parodiya-arkyly-kazak-tilin-yjrenuge-shakyrdy-video.html