RU

Қазақстандық жұлдыздар мен олардың танымал туыстары (фото)

Жұлдыздардың өздері көп жағдайда әнші болмаса, тағыда басқа өнермен ел көңілінде қалу үшін қыруар қаржың немесе сенімді таныс,туысың болуы шарт деп әзілдейді.

Қазақ сахнасында ән шырқап жүргендердің көпшілігі расымен де өнерлі отбасыдан, болмаса әулетінде атақтылар бар жерден шыққан. Әрине, бар жұлдыздың туысқаны кім екенін тізбектеу мүмкін емес. Десе де, бірнеше әншінің туысқанын анықтап, бауыры көрсеткен қолдауын сұрап, оған өзінің пікірін білген едік.

"Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің туған інісі Роман ән айтып жүр. Бұған байланысты Роман "Тегіміз бір болғандықтан, көп жерде ағамды сыйлайтындар ыстық ілтипаттарын білдіріп тұрады. Қуанып қалам. Бәріне де алғысымды айтып жүремін", - дейді.

Ал Сәкен Майғазиевтің өзі болса "Романды алғашында сахнадан шеттетіп, басқа жолға түскенін қаладым. Өнер жолы ауыр. Ол мектеп қабырғасында география сынды пәндерден өте жақсы оқыған. Мектеп жасында облысаралық жарыстарда бірінші орынды алатын. Сол білімін пайдаланып, басқа салада еңбек еткенін қаладым", - дейді.

Ахмадиевтер отбасын білмейтіндер кемде кем. Дильназ Ахмадиева бала күнінен-ақ өнер саласында еңбек етіп жүрген әкесінің арқасында  танымал бола білді.

Өнерлі шаңырақтың иесі Мұрат Ахмадиев Қытайдан оралған жылдары Шәкен Аймановтың тәрбиесінде өкіл баласы болып, бірге тұрған екен.

Мұрат Ахмадиев те кезінде топ құрып ән шырқады. Кейіннен "Яшлык" деген атаумен ұлы Дильшат топ құрып, әншілік жолын бастаған еді.

Белгілі продюсер, әнші Ұлықпан Жолдасовтың да бір ұл, бір қызы өнер жолында.

Қызы Фарида алты жасынан бастап "Тамаша" ойын-сауық отауының кештерінде "Қуыршағым менің" деп аталатын әндерді орындап елге таныла бастаған еді. Ұлы Болат та сол "Тамашаның" кештерінен бастап үлкен сахнаға шыға бастады.

Кейіннен "Музарт" тобының жанды дауыстағы кештерін гитарамен сүйемелдеді.

"Бұл, әрине, жұмыс. Әкем негізінен бала кезімде алғаш рет кештерге "естелік үшін" деп алып шықты. Өзім үлкен сахнаны, танымал болуды армандап, мақсат еткен емеспін", - дейді Болат Жолдасов.

"Ал давай" тобының құрылғаннан бастап ауыспайтын жалғыз мүшесі Шухрат Баян Есентаева құрған "Дауыс international" тобындағы Раноның ағасы.

Шухраттың өзі отыздан асса да әлі күнге сұрбойдақ.

Раноның өзі қазір топ жұмысы тоқтағалы түрлі фильмдерде қосымша рольдерді сомдап жүр.

Жаңа әнмен тыңдарманын қуантуға асықпайтын "KZ" тобындағы Рүстем белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіттің туған інісі.

Рүстем Нұржігіт өзі әпкесінің тәрбиесінде болғанын әрдайым айтып жүреді.

Ал Дана Нұржігіт кезінде Хабар арнасындағы жаңалықтарды, түрлі интеллектуалдық бағдарламаларды жүргізіп, елдің ықыласына бөленген еді.

Журналист, породист, ақын, сазгер Роза Әлқожа бүгінде үлкен сахнада орнын ойып алған әнші. Ол өз інісі Әлжаппар Әлқожаны сахнаға икемдеп, жол көрсетіп жүргенін жасырмайды.

Роза Әлқожа Әлжаппардан бөлек аймақтардағы шығармашылық кештерінде кішкентай ұлы мен қызын да елге таныстырып жүр. Айтуынша, дауысы әдемі кез келген адамға қол ұшын беруден аянып қалмайды.

Танымал әнші, халықаралық түрлі жарыстардың жеңімпазы Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат та қазір танымал.

Ол өз бағын "Қантал апай" фильмінде де сынады. Одан бөлек ән де айтып жүр. Айтуларынша, Жорабаевтар әулетінде әкелері де, аналары да өте ерекше дауыстың иесі.

Халықтың көңілін ерекше биімен баурап алған Әли Оқапов ҚР Халық әртісі Роза Қуанышқызының ұлы екенін білмейтіндер кемде кем.

Роза Рымбаева "Әли кәсіби музыкант. Жастайынан арнайы мектепте білім алды. Кішісі де бала күнінен фортепиано сыныбында білім алып жүр. Менің оларға қояр талабым тек, біліммен өнер жолын бастау", - деген болатын.

Олай болса, алдағы уақытта Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәдиді де сахнадан көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Бүгінде танымал продюсер Баян Есентаева кезінде ән айтып оған бейнебаян да түсірген еді.

Білетіндердің сөзінше, туған сіңлісі Бағым өте білімді музыкант. Кезінде Баян екеуі құрған кей топ әншілерінің дауысы дайын болмай қалған кезде, әншілердің орнына "Бағым орындаған" деген сөздер де бар.

Бағым бұл сөзді кейіннен, "Дауыс international" тобының қыздарының орнына бір кезде ән айтқанын айтып, растаған да еді.

Баянның бой жетіп қалған қызы Айсәуле де өзін осыдан бірер жыл бұрын шыққан "Мамамия" телешоуының жүргізушісі ретінде сынады. Сонымен қатар ол анасының түсірген телетоптамаларының бірінде екінші қатардағы кейіпкердің ролін ойнады. Қазір Айсәуле АҚШ-та білім алып жатыр.

Нағима Есқалиева да ұлы Диястың ән айтып әнші болғанын қаламайтын ана.

Ал Дияс ол қарсылыққа қарамай осы уақыттың ішінде ән айтып,оған бейнебаян да түсіріп үлгерді.

Ал "Орда" тобында екі отбасынан шыққан ағайындылар бас қосты. Мәселен, әнші Дастан Оразбеков пен Рүстем Оразбеков (топтың бұрынғы мүшесі) туған ағайынды болса, Есболат, Жанболат (топтың бұрынғы мүшесі), Ерболат Беделхандар да - бір үйдің балалары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/346177-kazakstandyk-zhyldyzdar-men-olardyn-tanymal-tuystary-foto.html