Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар долларды жаппай сатып алғандардың ұтылатынын айтты

Опубликовано:

Рубль қатты құнсызданып, Ресей халқы ақша айырбас пункттерін жағалап жүр. Ал Беларусь президенті Мәскеуден өзара есеп-айырысуда доллар мен евроны пайдалануды талап етті.

Міне, осыған қарамастан, елбасы таяудағы БАҚ өкілдерімен кездесуінде ел азаматтарына долларға құнықпауға кеңес беретінін мәлімдеді деп жазады Алаш айнасы.

Қаржыгер-маман Ілияс Исаев қазір жаппай доллар сатып алып жатқандар ертең ұтылады, сондықтан елбасы дер кезінде ескерту жасап отыр деп санайды.

Ресей билігі рубльді қасақана "құлатты". Ресей спекульянттары ақшаны доллардай ұстап отыр.

"Ресей билігі рубльді қасақана "құлатты". Бұл қаржы нарығындағы спекульянттарға оңдырмай соққы беру үшін рубль мүддесіне қарай жасалды. Қазір рубльге көшу саясатын қолға алғанына қарамастан Ресей спекульянттары ("РосНефть" сынды ірі компаниялар, қаржы министрлігі, түрлі қорлар) қолында ақшаны доллардай ұстап отыр. Оны қалауларына қарай қазір қатты қымбаттатты. Рубльді әбден шегіне жеткізіп құнсыздандырып, оны спекульянттар пайдалана алмайтынтай етті", - дейді қаржыгер.

Есесіне, үкімет арзан рубльге қарық болды (ел долларға жүгіріп жатқанда үкімет арзан рубльді көп сатып алды). Сөйтіп қосымша қаражат тартып, бюджетті қампайтты.

"Енді бұдан кейін не болуы керек?.. Әрине, бұл процесс керісінше қозғала бастайды. Бумеранг секілді. Енді рубль нығаяды. Ал доллар құнсызданады. Құны кеткен долларды ел қайда сатарын білмей әлі дал болады. Өйткені үкіметке оның керегі жоқ. Қызыл Кремль енді тек рубльмен жұмыс істеймін деп баршаға мәлімдеп отыр", - деді Исаев.

Әрине, бұл процесс керісінше қозғала бастайды. Бумеранг секілді. Енді рубль нығаяды. Ал доллар құнсызданады. Құны кеткен долларды ел қайда сатарын білмей әлі дал болады. Өйткені үкіметке оның керегі жоқ.

Маманның айтуынша, Қазақстан қазір рубль арзан әрі осал кезде Ұлттық қор ақшасын реконвертизация жасаса, онда теңгені девальвациялаудың қажеті болмайды. Осының өзінен де ел қазынасы біршама толыға алады екен. Алайда осыны  билік қанағат тұта ма?

"Егер мұны қанағат етпесе, Ұлттық қордан ақша бөлінер алдында теңге девальвациясы болып қалуы әбден ықтимал" дейді қаржыгер-маман.

Саясаттанушы Кеңес Сманов қазір қаржы нарығынан гөрі геосаяси жағдайға көп нәрсе тіреліп тұрғанын айтады. ­

"Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына көп нәрсе байланысты. Соның ішінде ақшаның жайы да. Қырғыздар ол одаққа қосылуды кейінге шегеріп тастады. Қазақстан да Ресейдегі дағдарыс реттелгенше оның ісін бір жылға шегере тұруды сұрап жатыр. Ал беларусьтар, тіптен қатты кетуде. Сондықтан бұл арада дөп басып бірдеме айту қиын", - дейді ол.

Теңгеге сенім-мемлекетке сенім. Алдағы өткізген девальвация, алдында өзгертпейміз деп өзгертіп жібердік қой. Бұл сенімсіздік тудырады.

Ал Алматы арнасына берген сұхбатында экономист Рахман Алшанов доллар бағамы бір қалыпта сақталатынын айтады.

Сарапшылардың сөзінше, жақын арада көк қағаздың теңгеге шаққандағы құны 188-ден ары аспайды. Алайда, бұқараның басым бөлігі ұлттық валютаға сенуден қалған. Десе де, күнделіктегі қолданыстағы ақша теңге боғандықтан, доллардың құбылуы әсер ете қоймайды.

"Негізі теңгеге сенім-мемлекетке сенім. Алдағы өткізген девальвация, алдында өзгертпейміз деп өзгертіп жібердік қой. Сондай істеріміз сенімсіздік тудырады", - деді экономист Рахман Алшанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/346388-sarapshylar-dollardy-zhappaj-satyp-algandardyn-ytylatynyn-ajtty/

pixel