RU

Ди Каприо Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелін қаратып алды (фото)

Танымал америкалық актер Леонардо Ди Каприо ресейлік олигарх Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелімен жүріп жүр деп жазады Super.ru сайты. Бұл жайтты шуласа жазып жатқан шетелдік басылымдар Ди Каприо АҚШ-қа Ресейден есесін қайтарып берді деп оған саяси реңк беруге тырысқан.

Леонардо Ди Каприо

Танымал актердің ізін аңдып, бір қонақүйдің алдынан суретке түсіріп алған фотографтар оның жанындағы белгісіз аруды бастапқыда "Сүмбіл шашты сұлу" деп баршаға таныстырған.

Оның Ресейдің ең бай бизнесменінің бұрынғы нақсүйері, 33 жастағы Дарья Жукова екені кейіннен анықталған.

 Леонардо Ди Каприо және Дарья Жукова

Дарья Жукова мен Роман Абрамович, негізінен, ресми түрде некелеспеген, бірақ олардың туған екі баласы бар: ұлы - Аарон-Александр және қызы - Лея. Балаларымен олар бірнеше рет фотографтардың объективіне түсіп те қалған.

Екеуінің арасы суып, Дарья кетіп қалғаннан кейін ресейлік олигарх Роман Абрамович көп жалғызсыраған жоқ. Басылымдар оның Мәскеудің Үлкен театрының прима-балеринасы Диана Вишневамен көңіл қосқанын жарыса жазды. Бірақ, бір қызығы, олигархтың өкілдері бұл ақпаратты шыж-быж боп жоққа шығарады.

Ал Леонардо Ди Каприо орыс фотомоделі Дарья Жуковаға дейін өзінің америкалық әріптесі Тони Гарнмен біршама уақыт көңіл көтерген.

Бірнеше апта бұрын АҚШ-тың басылымдары олардың ажырап кеткендігі туралы ақпарат таратты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/346444-di-kaprio-roman-abramovichtin-byryngy-ejelin-karatyp-aldy-foto.html