Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды

Опубликовано:

политики общаются
Фото: Facebook

Жыл аяқталар тұста көптеген сала үздіктерді анықталып, өтіп бара жатқан жыл қорытындыланады. Осы орайда, саясаттанушы, журналист, блогер және әлеуметтанушылардың біріккен Саясат жобасы ел саясатындағы көшбасшыларды атады.

Биыл еліміздегі жыл саясаткері болып президент Нұрсұлтан Назарбаев танылды. 2014 жыл президент үшін әдеттегідей маңызды болды. Ол мемлекеттік аппаратқа қолдау көрсетіп, тізгінді берік ұстады. Сонымен қатар, елішік процестерге ерекше көңіл аударып, сыртқы саясатта да маңызды шешімдер қабылдады.

Сөз жоқ, Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың үздік саясаткері. Назарбаевтың шебер саясаткер екенін бірнеше шетелдік басылымдар да жазып, шетелдік мамандар президентті әлемдік саясаттағы маңызды тұлғалардың бірі деп бағалады.

Жыл жаңалығы

Саясат әлемінде жұлдызы жанып келе жатқан тұлға деп Тимур Сүлейменовты атар едік. Ол 36 жасында Еуразия экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметін атқаруда.

Өтіп бара жатқан 2014 жылда Сүлейменов өзін жақсы қырынан таныта алды. Бұл пікірді оның әріптестері де қолдайды. Ол өз саласын жақсы білетін, жақсы байланыс орната алатын және пікір таластыра алатын саясаткер екенін көрсетті.

Жылдың қоғам қайраткері

Арман Шораевтың тынымсыз еңбегі арқасында халыққа жол тартқан қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" жобасы үлкен танымалдыққа ие болды. Ұлттық спортымыздың насихаты артып, әлем алдындағы абыройы арта бастады.

Одан бөлек, Арман Төлегенұлы көтерген еліміздегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Шораевтың осы тұрғыда қозғаған тақырыптарын еліміздің ірі медиа-менеджерлері іліп әкетті. Бұл сөзімізге елімізде өткізілген үш медиа-форум дәлел бола алады.

Жылдың зерделі саясаткері

Бұл аталымда мәжілістің халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаевқа ешкім тең келмейді. Өзінің көптеген әріптестеріне қарағанда, Мәулен Сағатханұлы сөз қадірін білетін азамат.

Ол тек ең маңызды деген мәселелер бойынша ғана өз пікірін білдірді. Әсіресе, Путиннің қазақ мемлекеттілігі туралы айтқан даулы пікіріне Әшімбаев жақсы жауап қатқан болатын. Ол өз пікірін эмоцияға берілмей, деректерге сүйене отырып жеткізді.

Жылдың белсенді депутаты

Өтіп бара жатқан жылда Дариға Назарбаева өз белсенділігімен мәжілістегі барлық әріптесінің алдын орады. Ол қоғам назарын жиі аударып, көптеген мәселелерді сын садағына алумен болды. Негізінен, Дариға Нұрсұлтанқызы әлеуметтік саладағы мәселелерді қозғаған.

Жыл әкімі

Қызылорда облысына Қырымбек Көшербаев әкім болып барғалы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. Ал Көшербаевтың биыл бітірген ең үлкен ісі деп – Байқоңырдағы оқушылардың қазақстандық білім бағдарламасымен оқуға мүмкіндік алғанын айтамыз.

Жігерлі саясаткер

Бұл аталымда Бердібек Сапарбаев үздік шықты. Ол ШҚО әкімі қызметінен вице-премьерлікке көтеріліп, бірден маңызды мәселелерге қатысты пікірін айтты.

Телеарналардағы мемлекеттік тілге саясатының дұрыс атқарылуын қадағалап, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға арналған комиссияны басқарды. Сонымен қатар, Березовка мен Калачидегі халықтың жағдайын біліп қайтты. Бүгінде халыққа тап осылай жігер беретін шенеунік тым қажет еді.

Жыл министрі

Бұл атаққа көп министрдің  үміткер екені рас. Алайда, біз Арыстанбек Мұхамедиұлына тоқталдық. Ол өз әріптестерінің арасында кәсіби мансабы өрлеп келе жатқанымен және белсенділігімен ерекшеленеді.

Жылдың келешегі бар саясаткері

Бұл аталымда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен "Нұр Отан" партиясы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек үздік шықты.

Ел және әлем жаңалықтарын қазақ тілінде оқыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/346464-zhyldyn-yzdik-sayasatkerleri-anyktaldy/

pixel