Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар суретіне бола жаппай жеке куәліктерін ауыстырып жатыр

Опубликовано:

Алматылықтар жеке құжатын ауыстыруға белсенді кіріскен сыңайлы. Өйткені, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан осы уақытқа дейін 6000-нан астам тұрғын жаңа куәлікке ие болған.

 Жаңа куәлік беріледі дегенді естіп құжатын ауыстыруға асыққаның бірі - Майгүл Сайлауқызы. Ескі куәлігінің уақыты бітпесе де суретіне бола қайта ұсыныс жасапты. Тапсырыс берілгеннен кейін 10 күн ішінде куәлігі дайын болған.

"Жаңа үлгідегі куәліктің дизайыны жақсы екен. Маған ұнады. Бұрыyғының сандары мен әріптері өте ұсақ болатын. Сосын суреті де қара түсті болатын. Қазіргілер әдемірек", - деді Алматы тұрғыны Майгүл.

Жаңа куәліктің басты ерекшелігі мұнда сурет екі рет бейнеленген және бірі түрлі түсті болса екіншісі қара. Мамандардың айтуынша, құжаттағы фотолардың қайталануы қауіпсіздік шарасын ұлғайтады.

Сондай-ақ дизайнерлер артқы бетіне туды енгізіп, халықтың сұранысына орай жеке сандық нөмір мен қолтаңбаны үлкейткен. Құжат ауыстырам деушілер үшін жаңа куәліктің бағасы 370 теңге төңірегінде.

"Оны ауыстыру қажет емес. Бұрынғы жеке куәліктер әлі жарай береді. Уақыты біткенше. Бірақ кейбіреулер жаңасын алғысы келсе, онда өз еркі біледі", - деді Әуезов аудандық КҚБ аға инспекторы Найля Цай.

Қазіргі таңда елімізде 3 түрлі жеке куәлік бар. Біріншісі 1994 жылы қолданысқа берілді. Екіншісі, 2009 жылы өзгертілген пластикалық құжат. Енді міне үшіншісі жаңа кейіпке енді.

"Қазіргі таңда жеке куәліктің 3 түрінің де заңды күші бар. Олардың уақыты бітпесе ауыстырып қажеті жоқ. Маман ретінде айтарым соңғы куәліктің дизайны өте ыңғайлы. Әсіресе үлкен кісілер үшін куәліктің нөмірі мен сандары көрнекті жазылған", - деді Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жамал Баймұханбетова.

Естеріңізге сала кетсек, халық қалаулылары өткен жылы куәліктің дизайны мен сапасын сынға алған болатын. Бір жыл бойы дайындалған жаңа үлгідегі құжат желтоқсаннан бастап қолданысқа ене бастады.

Осы күнге дейін 6000-нан аса алматылық жеке куәлік ауыстырып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/346793-almatylyktar-suretine-bola-zhappaj-zheke-kuelikterin-auystyryp-zhatyr/

pixel