RU

Назарбаев әр нәрсеге "нұр" сөзін қосарлай бермеуді өтінді

Индустрияландыру күндері аясында өткен жалпыұлттық телекөпір барысында  Президент Нұрсұлтан Назарбаев әр нәрсеге "нұр" сөзін қосарлай бермеуді өтінді.

"Жақында мен хат алдым. Бір нәрсе болса, алдына "нұр" деген сөзді қосып қояды, анаған да, мынаған да. Осыны неге тоқтатпайсыздар? Жеке басқа табынуға апара жатыр деген... Мен алдына "нұр" сөзін қой деп айтқан жоқпын", - деді елбасы.

Ол нұр сөзінің жарық, сәуле деген мағына білдіретінін айтты.

"Нұр" деген сөзді менің атыма жабыстыратын ештемесі жоқ. Нұр деген жарық, нұр деген сәуле. Солай емес пе? Сондықтан, олай болатын болса, қоймайық. Ал "Нұрлы жол" дегеннің мағынасы жолымыз сәулелі, ашық болсын, ақ болсын деген жақсы, негізгі игі тілектерден шыққан сөз деп санаймын", - деген мемлекет басшысы алға қойыған міндеттерді орындап, Қазақстан халқының жеңіске жететініне өз сенімін білдірді.

"Сонда біз Қазақстанның 2050 жыл деген бағдарламасын орындайтын боламыз. Сонда біз 30 өркендеп, өскен ел ішіне еніп, тереземіз тең болып, Қазақстанның жағдайы, халқымыздың жағдайы дәл сондай болады. Сондықтан, Жаңа жыл баршамызға берекелі болсын! Әр жанұяға бақыт пен тыныштық әкелсін! Істеріміз игеріле берсін!", - деп түйіндеді өз ойын ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/346888-nazarbaev-er-nersege-nyr-sozin-kosarlaj-bermeudi-otindi.html