Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі бүлдіршіндердің Аяз атадан не сыйлық сұрайтыны анықталды

Опубликовано:

Қазпошта "Аяз Атаға хат жаз" деп аталатын акцияны қорытындылады. Қазақстанның түпкір-түпкірінен арнайы пошта жәшіктеріне 1617 хат түскен.

Хат жазудан павлодарлық бүлдіршіндер көш бастады. Бұл қаладан 332 хат келіп жеткен. Еліміздің батыс аймағында тұратын балалары да белсенділіктерімен ерекшелене білді.

Ал Алматы облысынан Аяз Атаға хат жазған бүлдіршіндердің саны аз. Бұл өңірден бар болғаны 35 хат келген.

"Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл хат көп түсті. Мәтіннің құрамы сан түрлі. Мысалы, Алматы мен Астана қаласында тұратын балалары Аяз Атадан айпад және айфон сұраған. Қазақстанның солтүстік аймақтарынан үлкен адамдар да кәмпит сұрап, хат жолдаған. Көпбалалы отбасыдан шыққан балалардан түскен хаттардың 30-дан астамында киім-кешек: тон мен аяқ киім сұрап жазыпты", - дейді Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.

Сонымен қатар, балалары науқастанып жатқан ата-аналар хат жіберді. Олар қымбаттық дәрілерге мұқтаж екендерін баяндаған.

"Аяз Ата, біз ештеңе сұрамаймыз. Бүкіл әлемде тыныштық болсын" деген жазуы бар бүлдіршіндердің қолдарымен жасаған ашық хаттар көптеп түсті", - деді "Қазпошта" өкілі.

Барлық хат иелері Аяз Атадан жауап пен базарлық алады. Сонымен қатар, акция серіктестері сыйлықтар жібереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/347196-eldegi-byldirshinderdin-ayaz-atadan-ne-syjlyk-syrajtyny-anyktaldy/

pixel