Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эксклюзивті домбыраның құны қанша? (фото)

Опубликовано:

Қазақстандықтар арасында жаңа жыл мерекесіне орай сыйлыққа домбыра беретіндер қатары көбейіпті.

Он жылдан бері түрлі  музыкалық аспабтарды қолдан жасаудың шеберіне айналған Алмас Мұстафа жаңа жыл мерекесі қарсаңында өзіне тапсырыс берушілердің көбейіп кеткенін айтады. Олардың дені алыс-жақын шетелдегі, туыстарына мерекеге орай тарту ететіндерін де жасырмайды екен.

Ал қазір домбыраның ең арзаны 100 АҚШ доллары тұрса, ең қымбаты 10 000 АҚШ долларының төңірегінде екен. Домбыраның бағасы ағашы мен сыртына салынатын оюының күрделілігіне байланысты.

Алмас суретші мамандығы бойынша білім алыпты. Студент кезінен бастап ұстаханаларда жалданып, осы өнерді үйреніпті. Өзінің шеберханасын ашқанына үш жылдай болып қалыпты. Қазір он кісіге жұмыс беріп отыр. Оның ішінде өзі де қарап отырмай, сүйікті ісімен айналысады.

Алмас қазір тапсырыс бойынша домбыра жасап жатыр. Осы жаңа жыл мерекесінің қарсаңында шеберханасына бір айдың ішінде 100 домбыраға тапсырыс түсіпті.

Шеберханадағы ұсталар домбыраның сыртқы өрнектерін алдымен осылай қағазға түсіріп алады. Содан кейін оны  ойып, ағашқа түсіреді. 

Бұл домбыралар негізінен үйеңкі,фарика қара ағашы,палисандра,қызыл ағаш,қайың, жаңғақ ағаштарынан жасалынады. Шеберлер  ең қымбат домбыраларға  палисандра, африка қара ағашын пайдаланады.

Одан музыкалық аспабтың даусы зорайып, әсіресе домбыраның үні күмбірлей кетеді дейді ұсталар. Ал қымбат домбыраларға ойылып салынатын өрнектердің күрделілігінде сөз жоқ. Кейде сығатартатын азаматтар арнайы естелік сөздерін де ойып жаздырады екен.

Домбыра басының артқы бөлігі арнайы құралмен осылай ойылып жасалынады. Ұстаның ең көп уақыты осы бөлікке кетеді десек те болады.

Артынан домбыраның жақтауы мен бетіне жұқалап кесілген ағаштар қойылады. Оның да жұмысы жеңіл емес. Тақтай сияқты кесілген ағаштардың қалыңдығы бірдей болуы шарт.

Ұста бұл тақташаларды қажетінше сулап, қажетінше иіп, майыстырады. Ұста осы бөліктердің бәрін желімдеп құрастырып болған соң, сырлау өрнектеу жұмыстарына көшеді.Қазір домбыраның 20-дан астам түрі бар. Шеберхана ұсталары тапсырыс берушінің патша көңіліне орай алдымен айтқан домбырасын қағазға түсіріп, содан кейін өзін жасауға кірісетіндерін айтады.

Домбыра күйге,әнге арналған болып бөлінеді. Даусына қарай да жіңішке,жуан үнді болады. Түр-тұлпатына қарай тағы бірнеше дизайынға бөлінеді. Соның бәрін қосқанда қазір Қазақстандық шеберлер мен ғалымдар домбыраның жиырмадан астам түрі бар деген тоқтамға келіпті.

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/347421-eksklyuzivti-dombyranyn-kyny-kansha-foto/

pixel