RU

Қазақстанда балаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады

Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Әлиақпар Матышев 18 жасқа дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салуды ұсынуда.

"Энергетикалық сусындар денсаулыққа зиян. Біз зерттеу жұмыстарын бастап жатырмыз. Біріншіден, бұл кішкентай балалардың денсаулығына өте қауіпті. Олардың құрамында кофеиннің жоғары нормасы бар", - деді Әлиақпар Матышев сейсенбідегі брифингте.

Олардың айтуынша, энергетиктерді қабылдаған адамдар өздерін күштіміз, сергекпіз деп ойлайды. Бірақ 2-3 сағаттан кейін шаршай бастайды, 4-5 сағаттан кейін ұйқы басады.

"Оларды қолданғандар өз-өздерін алдайды. Бұл әсіресе жолда жүретін жүргізушілер үшін қауіпті, дегенмен олар балалардың денсаулығына өте зиян", - деді ол.

"Біздің пікірімізше, 18 жасқа дейінгі сатуға тыйым салу керек", - деді Матышев.

Ол көптеген елдерде энергетикалық сусындарды ашық сатуға тыйым салынғанын, ал көптеген елдерде олардың дәріханаларда сатылатынын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/347583-kazakstanda-balalarga-energetikalyk-susyndardy-satuga-tyjym-salynady.html