Выйти
RU

Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгіннен бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды. Бұл – ерікті, теңқұқылы және өзара тиімді технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік бастамасы.

Толықтай іске қосылған Одақ экономикалық әріптестіктің көкжиегін жаңа белеске шығармақ. Инвестиция тартуға бірден-бір қолайлы ел ретінде танымал Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ өте маңызды. Көлденең кедергілер мен түрлі салықтан арылған кәсіпкерлер игі бастаманың оң тұстарына қазірдің өзінде жоғары баға беруде.

Экономикалық әлеуеті зор, халыққа пайдасы мол ұйым бірегей мүмкіндіктерге жол ашпақ. Бұл бастаманы іскер топ өкілдері күткені анық. Себебі үлкен нарықты көздеген әр кәсіпкердің табыс табуына Одақта ұтымды тұстар жетерлік.  

Төрттік экономикамыздың, оның ішінде энергетика, көлік, ауылшаруашылық тәрізді бірқатар саланы дамытуға мүмкіндік бермек.

Мәселен, 1 қаңтардан бастап білімі мен біліктілігіне сенімді әр азамат Ресей, Беларусь елдерінде еш қиындықсыз қолында бар дипломмен жұмысқа тұра алады.

"Одақ аясында еркін жұмыс істеу құқығына ие боламыз. Мысалы, Қазақстан азаматы өзінің дипломымен Ресей Федерациясында еркін түрде жұмысқа орналасып, жұмысшыларға таралатын құқықтарға иелене алады. Төрттік экономикамыздың, оның ішінде энергетика, көлік, ауылшаруашылық тәрізді бірқатар саланы дамытуға мүмкіндік бермек", - дейді Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Айдын Кәрімов.

Атап өтетін болсақ, 2025 жылдан бастап сыртқы баж салығын қолданбай, мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы ортақ нарығы құрылады деп жоспарлануда. Жылына 8 млрд текше метрден астам газды экспорттайтын Қазақстанның бұл жерде ұтары көп.

"Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты – үш елдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдаланып, бәсекеге қабілеттігін нығайту. Сол арқылы халықтың жағдайын тұрмыстық жағдайын көтеру", - деді  Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Гүлмира Смағұлова.

Сондай-ақ Одақ аясында 2016 жылдан бастап халықаралық стандарттарға негізделген сапалы дәрілер қолжетімді болмақ. Одаққа мүше мемлекеттердің 180 млн-ға жуық азаматы бизнес жүргізуге, еркін сауда мен жұмыспен қамтылуға, гуманитарлық ықпалдастықты кеңейтуге мүмкіндік алады.

Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты – үш елдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдаланып, бәсекеге қабілеттігін нығайту.

Ал еліміздің кәсіпкерлеріне деген жеңілдіктер тағы бар. Жұмыс күшінің үш ел арасындағы еркін қозғалысы, бәсекелестіктің тең шарты, одақ аясында кедендік баж салығының болмауы, техникалық реттеудің жалпы жүйесі.

"Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап үлкен нарық пайда болды. Үлкен нарықтың пайда болуы біздің бизнесіміз үшін, тауарларымызды өткізу үшін қосымша төленетін төлемдердің алынып тастауы үшін маңызды" - дейді Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Айдын Кәрімов.

Жаһандық дағдарыс құрсауынан шыға алмай отырған елдер Одаққа қосылуға ниет білдіруде. Арменияны үштікке қосу туралы шартқа Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары 10 қазанда қол қойған еді. Ал көршіміз Қырғызстан мамырдың басында Одақтың бесінші мүшесі атануға барын салуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады