Выйти
RU

Елімізде жол полициясы көлік дөңгелектерін тексере бастайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандық жол-патрульдік қызметінің мамандары көлік дөңгелегінің сапасын тексеруге құқылы.

Өйткені, Кеден одағына мүше елдер қабылдаған жаңа техникалық регламентке сәйкес, жаңа жылдың қаңтарынан үш ел - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде тұратын көлік иелері көліктерінің дөңгелегін жылдың маусымына (қыс, жаз) байланысты дер кезінде ауыстырып тұруға міндетті болды.

Жол-көлік патрульдік қызметі мамандарының айтуынша, Кеден одағының жаңа техникалық регламенті бойынша қыс айларында - жазғы дөңгелектерді, керісінше, жаз күндерінде "шегесі" бар қысқы дөңгелектерді пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынып, заң бұзғандар қатаң түрде жазаланатын болды.

Сондай-ақ, дөңгелектің бұдырының (протекторы) қаншалықты қалғандығына байланысты шектеу қойылмақ. Мысалы, жазғы дөңгелектің бұдырының тереңдігі кем дегенде - 1,6, ал қысқы дөңгелектің бұдыры 4 миллиметр болуы тиіс.

Дөңгелек бұдырының талапқа сай келетін-келмейтінін МАИ қызметкері бастапқыда көзбен қарап, анықтайды.

Егер көлік жүргізушісі жол-патрульдік қызметі маманының пікірімен келіспеген жағдайда, дөңгелек бұдырының тереңдігін қарапайым тәсіл - кәдуілгі сызғышпен өлшеп, дәлелдеуге болады.

Жалпы алғанда, көлік дөңгелегінің маусымға сәйкес келмеуі көліктің техникалық талапқа сай келмейтіндігін көрсетеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде жол полициясы көлік дөңгелектерін тексере бастайды