Выйти
RU

2015 жылы асыға күтілетін фильмдер рейтингі жасалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы электрондық билет сатушы ең ірі Fandango компаниясы 2015 жылы жұрт асыға күтіп отырған фильмдердің ТОП-5 рейтингін жасады деп хабарлайды BNews.kz.

Рейтинг сервис клиенттері арасында жүргізілген сауалнама негізінде құрылған, деп жазады Variety басылымы. Бірінші орында – "Жұлдызды жауынгерлер" ғарыштық дастанының жетінші бөлімі.

Екінші орынға "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмі орналасыпты. Алғашқы үштікке "Аштық ойындары" франшизасының қорытынды картинасы – "Құйқылжық торғай. 2-бөлім" енді.

Ғашықтар күні мерекесіне орай шығады деп жоспарланған "Сұр түстің 50 реңі" драмасы да бұл тізімге еніп, төртінші орынға тұрақтады. Оның соңынан жаңа "Юра кезеңі әлемі" атты фильм тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2015 жылы асыға күтілетін фильмдер рейтингі жасалды