Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең семіз адамдар АҚШ-та тұрады

Опубликовано:

Вашингтондағы The Institute for Health Metrics and Evaluation қызметкерлері зерттеу жүргізіп, оның нәтижелері бойынша семіздіктен ең көп зардап шегетін елдердің рейтингісін құрастырды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Мамандар 188 елдің мәліметтерін зерделеп, оның нәтижелерін The Lancet-те жария еткен. Бұл тізімде бірінші орынды Америка алды, одан соңғы орындарға Қытай мен Үндістан жайғасты. Төртінші орынды Ресей иеленді.

Сондай-ақ тым етжеңді адамдар мекендейтін елдер тізімінің ондығына Бразилия, Мексика, Египет, Германия, Пәкістан мен Индонезия енді.

АҚШ-та әлемдегі семіздіктен зардап шегетін жандардың 13% тұрады екен.

Зерттеулер нәтижелері бойынша, калориясы жоғары тағамдарды тұтыну салдарынан семіздіктен зардап шегетін адамдар саны 33 жыл ішінде 857 млн-нан 2,1 млрд-қа дейін артқан, ал 2010 жылы әлемде артық салмақтан шамамен 4 млн адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/347779-elemdegi-en-semiz-adamdar-aksh-ta-tyrady/

pixel