RU

Мұсылман ғалымдары теріні жасартатын крем ойлап тапты

Үнді еліндегі Алигарх университетінің зерттеуші ғалымдары қартаюға қарсы крем ойлап тапты. Олар нанотехнология негізінде жасалған кремнің әсер етуі де ерекше екенін айтты.

Қазіргі уақытта университет аталмыш өнімді патенттеп, оның жасалу жолы мен құрамын базар нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Кремді ойлап тапқан қолданбалы физика кафедрасының оқытушылары доктор Алим Накви, Бридж Радж және Васир Хан есімді ғалымдар өздері ашқан жаңалықтың кәрілікке қарсы косметика әлемін дүр сілкінтеріне сенімді.

"Біздің өнім толықтай табиғи қоспалардан әзірленген. Сондай-ақ, дайындалуы да өзге өнімдерге қарағанда, екі есе арзанға түседі. Осыған сәйкес, базардағы бағасы да төмен болады", - дейді Алим Накви.

Осыдан бір жыл бұрын кафедра ғалымдары жеміс-жидектер мен көкеністерді ұзақ сақтаудың тиімді тәсілін ойлап тапқан болатын.

Олар ойлап тапқан технология негізінде көкөністер мен жемістерді бөлме температурасында 2 айдан артық мерзімде сақтауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/348005-mysylman-galymdary-terini-zhasartatyn-krem-ojlap-tapty.html