RU

Назарбек Қожамсейіт биылғы жылға болжам жасады

Жұлдызшы Назарбек Қожамсейіттің болжамдарына көпшілік аса мән бермей, ескертулеріне құлақ аспай жатады. Оның жылқы жылына жасаған болжамдары жүз пайыз дәлдікпен орындалмаса да, дөп басқан тұстары көп.

 Мысалы, мамыр айында таулы өңірлерде күн салқындайды, жайлауға мал шығарарда ескеріңдер деген еді. Ал солтүстік өңірлерде күздік егін ору маусымына қатысты болжамы да тура келіп, біраз шаруалар шығынға батты.

Жұлдызшының болжамына құлақ асқан ресейлік шаруалар егінді уақытында орып, қамбаның бүйірін қампайтыпты. Артынша, Назарбек мырзаға Кемеров губернаторы Аман Төлеев алғысын да айтқан.

Жұлдызшы биылғы көктем кешеуілдеп шығатынын болжап отыр. Тіпті, мамыр айында оңтүстікте қар аралас жауын жауса, солтүстікте айтарлықтай күн суытады екен.

Биылғы қыс әдеттегіден ұзақтау болады деп болжам жасаған жұлдызшы ауа-райының өзгеруі мен тосын табиғи құбылыстарға адамдардың өздері де әсер етеді деген пікірді алға тартуда.

Оның болжамы бойынша, биылғы жаз жаңбырлы, шаруаға жайлы болмақ.

Еліміздегі және әлемдегі басқа да жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/348083-nazarbek-kozhamsejit-biylgy-zhylga-bolzham-zhasady.html