Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Қосым Дүйсенәліұлы Аңсатбаев қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қосым Дүйсенәліұлы 1981 жылдың 2 қаңтарында Түркіменстан Республикасында дүниеге келген. 1998-2002 жылдары Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін "Заңгер" және 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетін "Құрылысшы" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда Қазақ гуманитарлық-заң университетінде оқытушы қызметінен бастаған.

2004-2005 жылдары Қызылорда облысының сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекші маманы, бас маманы; 2005-2006 жылдары Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің бас маманы, бөлім басшысы; 2006-2011 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, департамент басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/348509-kyzylorda-kalasy-ekiminin-zhana-orynbasary-tagajyndaldy/

pixel