RU

Әншілер тойға барғанда қандай талап қояды?

Өзін жұлдыз санайтын әншілер үнемі еркеліктерін көрсеткісі келеді. Мәселен, атақты әнші Селин Дион барған жерінде бөлмесінің терезесі тауға қарап тұрғанын талап етсе, ал поп - жұлдыз Бионсе болса, таза ауыз су мен кішкентай қызына жылжымалы төсектің болуын міндеттейді. Ал біздің әншілердің талаптары қандай?

Қымбат қонақүй, бизнес класстағы ұшақ, етті тағамдар. Бұл әнші Қайрат Нұртастың ұйымдастырушыларға қоятын басты талабы.

Райдерлік талабы шет елдіктерден де кем емес. Терезесі тауға қарап тұрмаса да қымбат қонақүйдің болуы шарт. Ұшақтан түскен кезде су жаңа әрі іші тап - таза көлікке жайғауы тиіс.

"Сол жердегі қонқүйдің люкс комнатасына тұрақтайды. Бөлмеде ішімдік болмауы тиіс", - дейді Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова.

Бір күнде төрт концерт, ал бір жексенбіде алты тойға барып үлгеретін жұлдыз қасына бір оққағар мен көмекшісін міндетті түрде өзімен бірге алып жүреді екен.

Дегенмен, Қайраттың анасының айтуынша, ұйымдастырушыларға шарт қоя білуі үшін де әншінің сол талапқа сай болуы керек.

"Халықты жинау үшін бірінші жақсы әндер керек. Әйтеуір концерт берді екен деп ешкім келе бермейді ғой. Бірінші жақсы ән шықпай, сен ешқайда бара алмайсың", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат танымалдылыққа ие болмай тұрып, талай қарапайым сахналарда ән шырқаған көрінеді. Тіпті техникалық жабдықтардан ада қалған жерлерде жанды дауыспен тегін ән шырқап, атақ пен беделді сондай ауыл - аймақтан жиғанын айтады

Ал үш жыл бұрын құрылған "Шамшырақ" тобының өнердегі хикаялары тіптен қызық. Талап қойғысы келгенімен де ол көп жағдайда орындалмайды. Әсіресе, тойға барғанда ақша орнына төрт түліктің бірін құшақтап қайтады екен.

Топтың мұндай жағдайға тап болуының басты себебін әншілердің өздері де біледі. Талап қоймағанның кесірі.

Ал Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов ең талапшыл әншілердің қатарынан болып шықты.

"Әлиді басқа қалаға шақырғанда алдымен ұшақ болуы тиіс. Екіншіден қонақүй, тамақ, көлік. Сұрайтыны сол", - дейді  Әлидің пиар – директоры Ерлан Әлімов.

Негізгі ұйымдастырушыларға әншінің басты талабын жеткізетін жігіттің есімі -  Ерлан Әлімов. Бұрын топтардың бірінде ән айтқан жігіт қазір Әлидің көмекшісі. Яғни, райдері. Сондықтан болар, әнші ешқашан алданып көрмепті.

"Райдерде жазылған негізі гонорардың жартысы төленеді. Жартысы тойдың алдында немесе ұшып келген уақытта төленеді, тек тойдан кейін емес",- деді Әли Оқаповтың пиар-директоры.

МузАРТ тобы мен әнші Айқын Төлепбергеновтың талаптары бірдей. Олар бастысы техникалық аппаратуралардың мықты болуын назарда ұстайды екен.

Еліміздегі және шетелдегі маңызды жаңалықтарды қазақ тілінде оқыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/348887-enshiler-tojga-barganda-kandaj-talap-koyady.html