Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде әйел бірден 10 баланы өмірге әкелді

Опубликовано:

Курскідегі перзентханаға жеткізілген жүкті әйел көптеген адамдардың таңданысын тудырды. Ол дәрігерлерден 9 ай бойы ешқандай кеңес алмай бес ұл және бес қызды өмірге алып келген.

Бала көтерген сәттен бастап ана ешқандай УДЗ қызметіне жүгінбеген ана тіпті кезекте тұрмаған және емханалық кітапшасы да болмаған.

Бұл жайт гинекологтардың өзін таңқалдырып отыр. Бір мезетте дүние есігін ашқан бес ұл және бес қыздың қазір жағдайы бірқалыпты. Жас ананың да денсаулығы алаңдамаңыздар - дейді дәрігерлер.

Он баланың анасы Ирина шақалақтарға ат қойып үлгергенімен, өзі әлі де шатасып кететінін айтады. Ал күйеуі әйелі босанған күні келіп, он баланың әкесі атанғанын естіп ұшты-күйлі жоқ болған. Арада бірер күн өтсе де балалардың әкесі перзентханаға бас сұқпапты.

Сәбилерді асырап бағудан жас ана қорықпайды, өйткені президенттің арнайы сыйақысын күтіп отыр. Мұндай оқиға дәрігерлерді әлі күнге дейін ойландыруда.

Он баланың бір адамның ішіне қалай сыйғаны мамандарды мазалауда. Дерекке сүйенсек Ресейде көп баланың анасы атанған Федора Васильева.

Ол 27 баланы өмірге әкелген екен. Оның 16-сы егіз. Ал араға уақыт салып босанған Леонтина Аптбина 1943-1981 жылдары 55 баланы өмірге әкеліпті. Сондай-ақ 1971 жылы Джералдин Бродрик бір мезетте 9 бала туған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/349096-resejde-ejel-birden-10-balany-omirge-ekeldi/

pixel