RU

Евразиат болудың төте жолдары (фото)

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Осыған орай, Белоруссияның antimif.com одақ құрамына енетін Беларусь тұрғындарына "евразиат" деген атау беріп, "евразиат" болудың жолдарын атады.

Сонымен, беларусьтердің пікірінше "евразиат" болу үшін не істеу керек?

1. Азиялық тағамдарды дайындап үйреніңіз

 

Кеден Одағының арқасында Литва мен Польшадан гөрі, Қазақстаннан азық-түлік тасу оңайға түсті. Сондықтан отбасыңызды азиаттық тағамдарға үйрету арқылы сіз көп үнемдейсіз. Оның үстіне, Орталық Азия елдерінде тамақ көп ыдысқа салынбайды. Сол себепті, ыдыс жуу да оңайырақ.

2. Мұсылманшылдықты үйрене бастаңыз

Құрамындағы 28 мемлекеттің барлығы христиан дінін ұстанатын Еуроодақтан Еуразиялық Одақ діни ұстанымдар бойынша да ерекшеленеді. Себебі Еуразиялық Одақ құрамындағы 5 мемлекеттің екеуі ислам дінін ұстанады. Сондықтан ар-арасында мешітке барып, Құранды бір оқып шыққаныңыз да артық емес.

Құранды оқысаңыз, діндер арасында жақындық барын байқайсыз. Өйткені Иса пайғамбар туралы Құранда да айтылады. Тек бұл жерде ол басты назарда емес...

3. Қазақ, қырғыз, армяндарды "біздікілер" деп айтуға машықтаныңызКөптеген ресейліктерді "біздікілер" деп айтуға беларусьтер баяғыда-ақ үйренген. Енді армяндар мен қазақ, қырғыздарды да осылай атауға үйреніңіз. Азат пен Колхозбектің сөзге келгенін көрсеңіз, олардың ортақ ел үшін еңбектенгеніне қуаныңыз! Өйткені біз қазір одақтаспыз ғой.

4. Әлемнің жаңа картасын енгізіңіз

Ескі карталарда Еуропа әлемнің қақ ортасында тұрады. Бұл дұрыс емес. Енді Еуропаның ортасында Қазақстан тұруы тиіс. Мысалы, америкалықтар АҚШ-ты әлемнің қақ ортасында орналастырды. Ал біздің, евразиаттардың, олардан қай жеріміз кем?!

5. Азиялық түп-тамырларыңызды табыңыздар

Өзіңіздің азиялық тамырыңызды, ата-бабаңызды табуға тырысыңыз. Егер ондайлар жоқ болса, арғы аталарыңыздың бірін соғыс алаңында Шыңғыс хан ұрпақтарының оңдырмай жеңгенін айтыңыз. Бұл еуропалықтарға қатты ұнамауы мүмкін, бірақ қырғыздардың бірі иығыңыздан қағады...

6. Балаларыңызға азиаттық есімдерді қойыңыздар

Бүгінде Белоруссияда есімдердің барлығы христианша. Бұл Еуразиялық Одақтағы түрлі мәдениетке келіңкірей бермейді. Көптеген қазақтар өз балаларына еуропалық есім беруді бастап кеткен. Енді біз де сыйластықтан танбай, балаларымызға азиаттық есімдер беруді бастағанымыз жөн.

Қазақстанда ерлердің арасында Ержан, Абылай, Қасым деген есімдер жиі кездеседі. Немесе немереңізді неге Жылдыз, Жеңішбек деп атамасқа?! Қазір құлаққа түрпідей тигенімен, 20 жыл одақтасқан соң, Жылдыз Ковалева дегенге таң қалмайтын боламыз.

7. Өзіңізді Борат сезініңіз

Тап осы Борат евразиаттың бет-бейнесі болып табылады. 2006 жылы шыққан бұл фильмді Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған. Негізінде қазақтар бұл фильмнің түпкі мағынасын дұрыс түсінбеген сыңайлы.

Иә, сценарий бойынша ол - қазақ. Алайда ол славянша акцентпен сөйлейді, сырт келбеті армян ұлтының өкіліне ұқсайды, ал өзін тәжіктерше ұстайды. Ол кезде Еуразилық Одақты әлі ойлап таппағасын, бұл ешкімнің ойына келмеген шығар. Ал бүгінде Борат - нағыз евразиаттың бейнесі.

8. Сырт келбетіңізді өзгертіп көріңіз...

Иә, белорустар мен еуропалықтардың келбеті қатты ұқсайды. Алайда Еуразиялық Одаққа кірген соң, біз қалайда өзіміздің еуразиялық түр-сипатымызды қалыптастыруымыз керек.

Әрине, қазақтар мен белорустардың ұқсамайтыны анық. Ендеше бізге пластикалық отамен бет-жүзімізді дөңгелетіп, көзімізді кішірейткен дұрыс.

9. Өз тарихыңызды ұмытыңыз

Тарих – бұл өткен шақ. Ал біз болашаққа ұмтылып барамыз. Сондықтан, тарих дегенді ұмытыңыз. Сіздің ата-бабаларыңыздың еуропалық мемлекет үшін күрескенін де естен шығарыңыз.

Өйткені біздің еуразиялық мемлекетіміз бар. Болашақта бұл үлкен елге айналып, аштан бұратылған америкалықтар мен еуропалықтар гүлденген Бішкек пен Минскіні көру үшін еуразиялық визаға кезекке тұратын болады...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/349151-evraziat-boludyn-tote-zholdary-foto.html