Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таксистер балалы жолаушыларға қызмет көрсетуден бас тартуда

Опубликовано:

Алматылық таксопарктер сиясы кеппеген жол қозғалысы туралы заңнан зардап шегуде. Авто орындығы жоқ болғандықтан, балалы әйелдерге қызмет көрсете алмай, клиенттері азаюда.

Алматылық Самал Мыспаева кешеден бері қай таксопаркке хабарласса да, бір жауапты естуден шаршаған.

"Өкінішке орай, балаңыз болса, қалаған жеріңізге апара алмаймыз!" - деп, қысқа қайырған операторлардан мезі болған келіншек, енді қоғамдық көлікпен кезек-кезек балаларын тасиды.

Қаланың о шетінен, бұл шетіне қатынайтын Самал, енді бүлдіршіндерін діттеген жеріне жеткізу үшін 5 сағат уақытын сарп етеді.

"Заңға байланысты мен өзім ана ретінде айтарым, 4 балам бар. Барлығын бірдей автокреслоға отырғызу мүмкін емес. Содан кейін екі күннен бері, таксиге тапсырыс берген, кезде кешірім сұрап, балалы әйелдерге қызмет көрсетпейтіндігін жеткізеді. Себебі, оларда автокресло жоқ", - деді  Самал.

Ал жеке меншік таксопарктердің айтуынша, жол қозғалыс ережесі өзгергеннен бері, авто орындық ұсынушы компаниялар қаптап кеткен. Бағасы 20 мың теңгеден 60 мың теңге арасында сапасы мен түсі көздің жауын алатын түрлі құрылғылар ұсынуда.

Жаңа ережеге бағынуды көздеп, әр көлікті жабдықтауға әл-ауқаты жетпеген таксопарк иелері әуре-сарсаңға түсуде.

"Біріншіден кленттен баласы бар ма, жоқ па соны сұраймыз. Егер балалар болса, онда біз бас тартамыз. Себебі, өкінішке орай бізде автокресло жоқ. Әрине автокресло қымбат, 5 мың мен 60 мың теңге арасында. Әрине, ол өзін ақтамайды. Бір әйел шықса, балалары болса, автокресломен орынды алып тұрады", - деді жеке меншік таксопарк басшысы Талғат Итаев.

Таксопарк басшылары құрылғыны алғанның өзінде, бір көлікке тек, бір автокреслодан орнатуға қауқарлы екендіктерін жеткізуде. Яғни әр көлікке тек бір баладан отыра алады.

Әзірге халық арасында дау туғызған бұл өзгерістерге, ашынған ата-аналар арнайы қол жинап, әлеуметтік желілерде петиция құруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349172-taksister-balaly-zholaushylarga-kyzmet-korsetuden-bas-tartuda/

pixel