RU

Алматыдағы "Баянауыл" базары жұмысын тоқтатты

"Баянауыл" базары жұмысын тоқтатты. Таңнан күнделікті жұмысына келген саудагерлер өздерінің контейнерлерін аша алмады.

Полиция базарды толықтай қоршауға алып, әкім-қаралар саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Күнделікті жұмыстарына кірісе алмаған саудагерлер, әкім-қараларды тыңдағысы жоқ. Ашуға мініп, айқай шығарғысы келгенмен де ештеңе өнбеді.

Прокуратура, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, әскерилер сынды күш құрылымдарының  барлық өкілдері сақадай сай.

Қаланың көркіне де, әлеуметтік дамуына да кедергі келтіріп тұрған автобөлшектер сататын базардың ахуалы бұрыннан айтылып келеді.

Мұнда тазалық шаралары мен қауіпсіздік талаптары мүлде сақталмаған. Қажетті затын іздеп келген адамның қалтасындағы қаржысына қол жүгіртетін ұры-қарылардың тоғысқан, топталған жері де осы.

Қалалық, не далалық тәртіп қалыптаспаған базарды сүру жайлы сот шешімі бір жарым жыл бұрын шыққан.

"Базар басшылығы 8 қаңтарға дейін аумақты босатуы керек еді. Бірақ ешқандай әрекет болмағандықтан бүгін соттың шешімін орындауға келіп тұрмыз. Жалпы базардың жұмысын тоқтату жайлы шешім бір жарым жыл бұрын шыққан еді. Бірақ базар басшылығының жоғары сотқа шағымдануына байланысты шешімді орындау кейінге қалдырылды. Бірақ ол бәрібір жеңілді", - деді Алматы қалалық мемлекеттiк сот орындаушы Рахым Орынбаев.

Сот орындаушылардың айтуынша, базар басшысы мемлекеттен қомақты өтемақы да алған. Соттың шешімін біле тұра, орын үшін саудагерлерден алдыңғы айлардың ақшасын да жинапты.

Ал бұған дейін өзге базарларда орын алған оқиғалардан хабары бар сатушылар, "арнайы орын болса қарсы емеспіз", - дейді. Аудан әкімінің сөзінше, бүгінен бастап бұл маңда ешқандай сауда жүргізілмейді. Күнделікті күзет қойылып, тауарын алып кетушілер ғана кіріп-шыға алады.

Алдағы төрт күннен соң, базар жарық пен судан ажыратылады. Егер саудагерлер өз еріктерімен заттарын берілген уақытта алып кетпесе, сүру жұмыстары басталады.

Қазірдің өзінде крандар мен камаздар дайын тұр. Ал кейінірек 5 гектарға жуық бұл аумақта аурухана мен балабақша салынбақ.

Бірнеше жылдан бері автобөлшек сатылып келген Баянауыл базары бүгін міне осылай жұмысын тоқтатты. Ал нәпақасын осы базар арқылы тауып жүрген 3 мыңға жуық саудагер мен кәсіпкер қайда барарын білмей дал.

Базар басшылығы биліктен толық көшіп кетуге үш ай мерзім сұрағанымен, сот орындаушылар тек бір апта ғана уақыт берді. Ал саудагерлердің не істерін білмей сенделгенін жақсы пайдаланған өзге базардың өкілдері жарнамалық қағаз таратып әлек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/349176-almatydagy-bayanauyl-bazary-zhymysyn-toktatty.html