Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде дәрігерлер жастарға үйленбей тұрып тексерілуге кеңес берді

Опубликовано:

Ақтөбеде тілінде мүкісі бар, құлағы естимейтін бүлдіршіндер көбейді. Мамандар мұны ата-аналардың жауапсыздығымен байланыстырып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Әсіресе жас отбасылар сәбилі болмай тұрып денсаулықтарын тексертпейді. Кейбір келіншектер жүктілік кезінде тұрмыстық қиындықтарға төзе алмай күйзеліске ұшырайды екен.

Мұның салдары іштегі шаранаға беріліп, баланың ауру болып туылуына әкеп соғады. Енді соларды қатарынан қалдырмау үшін жергілікті жерлерде арнайы орталықтар ашылып жатыр.

Үйленбей тұрып қаржылық жағдайына дейін реттеп алуы керек. Ақша жетпей, ұрсысып жататындары да жеткілікті.

Қазір Ақтөбе облысында бес мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Олардың тең жартысына арнайы комиссия мүгедек деп құжат толтырып, мөр басқан екен. Осындай бүлдіршіндер жыл санап көбейіп келе жатқанына мамандар алаңдап отыр.

"Мүгедек балалар саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе бірінші орында туа бітті дертті болған сәбилер тұр. Одан соң жүйке жүйесі ауыратын, ақыл-есі кем балалар да артып келеді", - дейді Ақтөбе облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ионна Валиулова.

Мамандар мүгедек балалардың көбеюіне ата-аналарды кінәлайды. Әсіресе, жас отбасылар жатырына біткен шаранасына жауапсыздықпен қарайды екен.

Тұрмыстық қиындықты көтере алмай күйзеліке ұшырайтын келіншектер жиі кездеседі. Ашушаң әйелден ару бала туады дейді мамандар.

"Жүктілікті жастар жоспарламайды. Үйленбей тұрып қаржылық жағдайына дейін реттеп алуы керек. Ақша жетпей, ұрсысып жататындары да жеткілікті. Мұндай келеңсіз жағдайда сау бала дүниеге келеді ме?", - деді Ақтөбе қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Япырай Төленова.

Дертті боп туған баланы сауықтыруға елімізде әлі жағдай жасалмаған. Ақтөбеде ашылған жаңа орталықтың өзінің жылына небәрі жүз бүлдіршінді қабылдауға мүмкіндігі бар. Бірақ оған да ата-аналар шүкіршілік етіп отыр.

Мүгедек балалар саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе бірінші орында туа бітті дертті болған сәбилер тұр.

"Массаждың өзін жалдау ақша. Бір массажы екі мың теңге. Баламыз бері қарап, оң нәтижесін берсін деп соған әр уақытта апарамыз. Мысалы Оренбургқа логопедке апарамыз", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Оралхан Сағынбайқызы.

Мамандар өмірге дені сау бала келу үшін үйленбек болған жастарды неке қиярдан бұрын бір апталық психологиялық дәрістен өтуге міндеттеу керектігін айтады.

Ол жерде денсаулыққа қатысты, жүктілік, отбасындағы ұрыс-керістен арылу жолдары үйретілсе деген ниеттерін де айтады. Сол кезде ғана мүгедек балалар саны азаяды деп сенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349660-aktobede-derigerler-zhastarga-yjlenbej-tyryp-tekseriluge-kenes-berdi/

pixel