RU

"Аватар" фильмінің жалғасы 2017 жылы шығатын болды

2009 жылдың ең табысты, үздік киносы болған "Аватар" фильмнің 3 сериядан тұратын жалғасы 2017 жылы ғана жарыққа шығатын болды.

Бұл туралы режиссер Джеймс Кэмерон айтты, деп хабарлайды ВВС. Кэмерон және оның достары бір мезгілде 3 серияны қатар әзірлеп жатыр.

"Сондықтан, жұмыс өте ауыр", - деді "Терминатор", "Титаник" сынды кинолардың авторы Кэмерон. Негізі "Аватардың" жаңа сериясы 2016 жылы көрсетілуі керек болған.

"Қазір 3 серия сценариі қатар жазылып жатыр, суретшілер кейіпкерлерді сомдап, декорацияларды ойластыруда", - дейді режиссер. 3 серия да алдыңғы фильм ізімен Жаңа Зеландияда түсіріледі.

Еске сала кетейік, "Аватар" фильмі 2009 жылы кинематография тарихында ең көп табыс тапқан фильм болды. Ол әлем бойынша прокаттан 2,8 млрд.доллар жинады. "Аватар" "Оскар" жүлдесінің 3 сыйлығына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/349687-avatar-filminin-zhalgasy-2017-zhyly-shygatyn-boldy.html