Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжіңді қою түтін басты

Опубликовано:

Қытай астанасын тағы да қою түтін басты. Соның салдарынан тұрғындардың денсаулығы сызат беріп, жұрт көшеде бетперде киіп жүруге мәжбүр.

Мұндай күндері қаладағы құрылыс алаңдары мен зауыттар уақытша жұмысын шектейді. Бейжіңде ауаның ластану көрсеткіші 400 бірліктен асып кетті. Бұл өкпесі мен жүрегі ауыратындар үшін ғана емес, сау адамдарға да өте қауіпті деген сөз.

Осыған орай науқастар мен қарияларға және балаларға үйден шықпауға кеңес берілді. Қытайдағы ауаның ластанып кеткені сондай, қою түтінді тіпті ғарыштан көруге болады. Әдетте Қытай астанасындағы көрініс мынандай, бірақ күз бен қыс мезгілінде бейжіңдіктер түтіннен көз ашпайды.

Жолда 2 мың метрге дейінгі аралық көрінбей, қаладағы ондаған автомагистраль жабылды. Қою түтінмен күрес биліктің бас ауруына айналғалы біраз болды. Олар үнемі журналистерді жинап, жағдайды реттеу үшін барынша тырысып келеміз деп есеп беруде.

Өткен жылы Қытай Үкіметі ауа ластануымен күрес жүргізу үшін 1,6 млрд доллар ақша бөлетінін мәлімдеген болатын. Тіпті қаңтар айында Бейжің мэрі қолдануға болатын көмір көлемін де барынша азайтты.

Бірақ қала тұрғындары нәтиже шамалы дейді. Ал Голландиялық өнертапқыш Бейжіңнің түтін басқан аспанын әлемдегі ең үлкен "шаңсорғышпен" тазаламақ.

Даан Розгард бастаған бір топ инженер қауіпсіз әрі қуат үнемдегіш құрылғы ойлап тапқан. Жер астына қойылған жез құрылғы оң зарядты электростатикалық өріс қалыптастырады. Кем дегенде 10 нанометр бөлшек оң заряд алады да, жерге тұйықталады. Зиянды қалдықтар осылайша жинақталады-мыс. Бұл жобаны биыл Бейжіңде сынап көрмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/349991-bejzhindi-koyu-tytin-basty/

pixel