RU

Шымкентте ер адам көп қабатты тұрғын үйдің терезесіне асылып өлді (фото)

Шымкентте тұрғын үйдің 5-қабатындағы терезеден ер адамның мүрдесі шығып тұрған. ОҚО ТЖД жедел құтқару бөлімінің ресми өкілі Павел Вишенин мәлімдегендей, бұл оқиға туралы куәгерлер хабарлаған.

"16 шағын аудан тұрғындары таңертең жұмыстарына бара жатқанда осындай көрініске тап болған. 5-қабаттағы терезеден ер адамның мүрдесі шығып тұрған", - деді Павел Вишенин.

Құтқарушылар тиісті жарақтарды алып оқиға орнына жетті. Ер адам терезенің тұтқасына сым байлап, сыртқа секірген.

Құтқарушылар қаза тапқанның мәйітін жерге түсіріп, аудандық ІІБ қызметкерлеріне тапсырды. Олар ер адамның неліктен осылайша өмірін қиғанын анықтамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/350048-shymkentte-er-adam-kop-kabatty-tyrgyn-yjdin-terezesine-asylyp-oldi-foto.html