Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келімбетов шаруасының қауырттығынан велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетеді

Опубликовано:

Қайрат Келімбетов Қазақстан велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетеді, деп хабарлайды ҚВФ баспасөз қызметі.

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов негізгі жұмысындағы шаруаның көптігінен аталған қызметтен кететінін айтты.

"Әлемдегі экономикалық жағдай мен қиын кездердегі Ұлттық банк алдындағы міндеттер менің негізгі жұмысыма көп көңіл бөлуімді талап етеді. Осы себептен қоғамдық жұмыстардан бас тарту туралы шешім қабылдадым", - деді Қайрат Келімбетов.

Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа президенті жақын арада өтетін есептік-сайлау конференциясында сайланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/350806-kelimbetov-sharuasynyn-kauyrttygynan-velosport-federacziyasynyn-prezidenti-kyzmetinen-ketedi/

pixel