RU

"Кешью" тобына келетін жаңа әншілердің есімі анықталды

"Kesh You" тобында келесі айдан бастап өнер көрсететін жаңа есімдер белгілі болғандай. Осыдан бірнеше уақыт бұрын "Kesh You" тобынан Айдананың кететіні туралы жазған болатынбыз деп хабарлайды baistars.kz.

Бұл жөнінде топ продюсері Баян Есентаева эксклюзивті сұхбатында топтың құрамы өзгеретіні және Айдананың топтан кететіндігін мәлімдеген болатын.

"Герлз бенд деген сондай, құрамы үнемі өзгеріп отырады. Біреу күйеуге шығады, біреу жүкті болады, бірі жұлдыз ауруына шалдығады, екіншісі махаббаттан басы айналып қалады. Қыздар коллективін ұзақ ұстап тұру оңай емес, алайда "Kesh You" бүгін пайда болып ертең жоқ боп кететін топ емес екендігін қанша жылдан бері дәлелдеп келеді. Бірақ құрам өзгереді",-деп айтқан болатын.

Жақында Баян Есентаева өзінің Instagram- дағы парақшасында екі әнші арудың фотосуреттерін комментарийсіз жариялады. Тіпті қыздардың аты-жөні де белгіленген жоқ.

Осы орайда қыздармен жақынырақ танысу мақсатында әлеуметтік желілердегі парақшалары іздестірілген. Нәтижесінде,  Балжан және Ақбота есімді екі аруды  ғаламтордағы көпшілік "Kesh You" тобының жаңа құрамында өнер көрсетуі мүмкін деп отыр.

Егер Айдана Меденова продюсермен келісім шарты аяқталатын болса, һКәмшат Жолдыбаева жеке ән айтуға көшпек. 

Мәселенің мән-жайы осы айдың аяғында анық болады. Осылайша он жыл ішінде топтың құрамы 7-рет өзгермек. Топтың құрамында осы уақытқа дейін Әнел Арынова, Зумрад Гараева, Маржан Меңдібаева, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова сынды арулар өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/351133-keshyu-tobyna-keletin-zhana-enshilerdin-esimi-anyktaldy.html