RU

Қазақ шоу-бизнесінің ең тартымды жігіттері (фото)

Қазіргі таңда шоу-бизнес, кино, спорт, басқа да көптеген салаларда бас айналдырар жетістікке жетіп, миллион қыздың арманына айналған ер адамдарды нәзікжандылар "секс-символ" деп атайды.

Қазақшалап айтсақ, нағыз еркек деген мағынаны білдіреді. Әрине, әр замандағы қыздардардың өз идеалдары бар. Айталық, осыдан біраз уақыт бұрын үндінің фильмдерін сүйіп көретін қыздар үшін Митхун Чакрабортиден асқан жігіт болмады, енді біреулер Мұстафа Өзтүріктей жігіттің төресіне ғашық болды, бертін келе Мейрамбек Беспаев мыңдаған арудың арманына айналды.

"Алаш айнасы" өз заманының мықтысы болған, талай жүректерді жаралаған сымбатты да білекті, білімді де дарынды ер азаматтардың тізімін жасау мақсатында қыз-келіншектер арасында сауалнама ұйымдастырған еді.

Осы сауалнамаға сәйкес біз қазақ өнерінде өзіндік орны бар, есімі жиі аталатын ерлердің тізімін жасадық. Осы тізімге қарап бірнеше буынның талғамын байқауға болады.

Асанәлі Әшімов, актер

Экранда жағымды да, жағымсыз да рөл ойнап, барша жұртшылықты өнерімен сүйсіндірді. Актерге қолы жетпеген қыздар қаншама....

Досқан Жолжақсынов, актерҚазақ киносындағы орны бөлек актерлердің бірі. Қыздар оған магниттей тартылатын.

Құман Тастанбеков, актерТөлегеннің рөлінде ойнаған Құман Тастамбеков қазақтың Жібегін бақытты етіп қана қоймады, талай қыздың көз қуанышы болды.

Нұрлан Өнербаев, әнші Әдемі жүзі, әсерлі дауысы қыздардың жүрегін елжіретті. Өнербаевқа ғашық қыздар әлі де бар.

Мейрамбек Беспаев, әнші

"Алғашқы махаббат" секілді жүректен жүрекке жететін әндерімен талай қызды өзіне ғашық етті. Мейрамбектей жігіттен бір бала тусам деген қыздар да болған...

Тоқтар Серіков, әнші "Көршінің қызын" шырқап жүріп өзіне қыздарды тәнті қылды. Оның өнердегі әріптесі Мұқасан: "Қасы қосылған сымбатты жігіттің өнеріне де, өзіне де қыздар ғашық болмаған қыз жоқ", - деп бөліседі.

Берік Айтжанов, актер

"Ағайынды" фильмінде тамаша жігіттің рөлінде ойнаған актерді қыздар тіпті әйелінен қызғанған еді...

Жұбаныш Жексенұлы, әншіЕрекше дауысты әншінің түр-келбеті де тамаша, бой десе бойы, ой десе ойы бар.

Қайрат Нұртас, әнші2006 жылы 17 жасында "Арман" атты әнімен атағы шыққан Қайраттың үйленгеніне оған ғашық миллиондаған қыз әлі де сенгісі келмейді... Рахат Тұрлыханов, әншіКөлікпен жол ережесін жиі бұзса да, бозбала шағында оның орындауындағы "Асыл әжем", "Азем", "Бір тамшы жас" секілді әндері хитқа айналып, қыздардың назарына ілінген жігіттің бірі...

Нұрлан Әлімжан, актер

Сымбатты, ақылды, сыпайы, қысқасы "супер". Елбасының рөлін ойнап, өзіне ғашық қыздардың санын одан ары арттырды...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/351492-kazak-shou-biznesinin-en-tartymdy-zhigitteri-foto.html