RU

Қазақстандықтар Шакира мен Бейонседен ескі киімдерін сұрады

Әлемге танымал жұлдыздар Бейонсе мен Шакираның Instagram желісіндегі ресми парақшасына қазақстандық қолданушылар қалдырған пікір көпшілікті таң қалдырды.

 Атап айтар болсақ, әлемдегі ең табысты әншілердің көшін бастап тұрған Бейонсенің парақшасындағы суреттердің біріне қазақ тіліндегі қолданушы қысқарып қалған көйлектерін жіберуді өтініп, пікір қалдырған.

"Сұлусың ғой, Бейонсе! Өтінемін, кішірейіп қалған көйлектерің болса маған жіберші, күтемін!" деп қазақ тілінде пікір жазыпты.

Одан бөлек, әйгілі Шакираны Қазақстанға, оның ішіне Таразға қонаққа шақырған қолданушы әншіні "әпше" деп атапты.

"Шакира әпше, сіз алтынсыз ғой! Таразға кеп қайтсаңыз жақсы болатын еді. Если че, связдамыз" деп пікір қалдырған қазақ тілді қолданушы.

Instagram желісіндегі әлем жұлдыздарының ресми парақшасына қазақша пікір қалдыратындар көптеп кездеседі.

Мәселен, жақында әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен ара-қатынасын үзген Ирина Шейктің парақшасына  қолданушылардың бірі мынадай сұрақ жолдаған: "Ал Ирина, Криштианмен ажырасып кетті деп естіп жатырмыз. Неге ажырастыңдар?".

Жоғарыда жазылған пікірлер көпшіліктің күлкісін туғызуда. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/351749-kazakstandyktar-shakira-men-bejonseden-eski-kiimderin-syrady.html