RU

Жануарлар да селфи жасауды үйрене бастады (фото)

Эдинбург хайуанаттар бағының аң-құстары ғаламтор жұлдызына айналды. Өз-өзін суретке "түсіріп", селфи жасаған жануарлар талантты фотографтардан еш кем түспеген, деп хабарлайды vesti.ru.

Еdinburgh News жазғандай, хайуанаттар бағының торларында арнайы сенсорлы камералар орнатылған. Жануарлар камераға тиіп кеткенде, автоматты түрде фототүсірілім басталады.

Бірқатар бірегей кадрлар осылайша дүниеге келіпті. Камера алдында суретке түсіп үлгергендердің қатарында пингвин, коала, гиппопотам мен кенгуру бар.

Шотландия корольдігі зоологиялық қауымдастығының өкілі Джон-Пол Орси: "Біз аңдарды жиі суретке түсіреміз, алайда бұл жолғы суреттер мүлде өзгеше. Жануарлар өздерінің шынайы мінез-құлқын көрсетіп тұрған сыңайлы. Олардың камера алдында сүйсіне "майысып" тұрғаны бізді қатты таңғалдырды", - деп атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/351793-zhanuarlar-da-selfi-zhasaudy-yjrene-bastady-foto.html