RU

Мамандар арықтау үшін таңғы жаттығудың пайдасы зор екенін дәлелдеді

Бірқатар зерттеулердің барысында таңертеңгі аш қарынға жасаған жаттығулар адамға энергия беріп, төзімділігін арттыратыны анықталды.

 Сондай-ақ артық салмақтан арылу үшін де таңғы жаттығу тиімді. Зерттеу барысында белгілі болғандай, бұлшық ет күші түнгі сағат 2 мен таңғы 6 уақыт аралығында артады екен.

Дәл осы шамалас уақытта моторикалық координация мен өкпе жұмысының да көрсеткіштері артады, сондықтан да жарақат алу қаупі төмен. 2010 жылдардағы зерттеу кезінде ғалымдар таңертеңгі жаттығулар семіздіктен арылтады деген болжау жасаған болатын.

Бұл болжамға сай олар тағы тәжірибе жасап көрді. Ғалымдар еріктілерден құралған адамдарды 6 апта бойы бақылауда ұстаған. Оларды үш топқа бөледі. Бірінші топ аз қозғалыс жасап, осы уақыт аралығында 3 кг салмақ қосқан.

Ал екінші топ таңғы астан кейін жаттығу жасап, 1,5 кг салмақ қосады. Ал үшінші топ болса таңғы асқа дейін жаттығады. Олар ешқандай артық салмақ қоспаған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/352296-mamandar-aryktau-yshin-tangy-zhattygudyn-pajdasy-zor-ekenin-deleldedi.html