RU

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашынды болып, тұман түсіп, көктайғақ күтілуде.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с-қа, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/352645-dyjsenbi-kyni-kazakstannyn-basym-boliginde-kyn-ashyk-bolady.html