RU

Қазақстандағы интернет жылдамдығы Австралия мен Түркиядан асып түсті

SpeedTest сервисінің деректері бойынша Қазақстандағы интернет жылдамдығы секундына 16,69 мегабитті құрайды. Еліміз осындай көрсеткішпен құрамына 196 ел кіретін рейтингте 56-орынды иеленді.

SpeedTest сервисі әлемнің әртүрлі елдеріндегі интернетке кіру жылдамдығын жинауға және талдауға мамандандырылған. Рейтингтегі бірінші орынды Сингапур алып отыр, ондағы интернет жылдамдығы 104,25 Мбит екен.

Одан кейінгі орындарға Гонконг (секундына 96,38 Мбит), Оңтүстік Корея (секундына 75,35 Мбит) және Жапония (секундына 67,83 Мбит) жайғасты.

Франция - 19, АҚШ - 25, Ұлыбритания – 29, Германия – 31, Ресей (27,09) 38-орында. Қытайға 46-орын берілді.

Қазақстаннан төменгі сатыларды Тәжікстан, Австралия, Беларусь, Бразилия, Түркия және Италия иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/352786-kazakstandagy-internet-zhyldamdygy-avstraliya-men-tyrkiyadan-asyp-tysti.html