RU

"Самұрық-Қазына" алдағы 5 жылға жоспарын бекітті

"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесі  Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен кезекті отырысында 2014 жылды қорытындылап, алдағы 5 жылға жоспар жасады.

Отырыста "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдаламасының іске асырылуын бақылайтын Комитет құру туралы шешім қабылданды.

Комитетке Директорлар кеңесінің үш мүшесі кіреді, оның төрағасы болып "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов тағайындалды.

Жаңа комитет Қор компаниялар тобындағы Трансформация бағдарламасының іске асырылуына тәуелсіз сараптамалық баға беретін болады. Жарты жылда бір рет "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесіне өз ұсыныстарын енгізеді.

Талдау нәтижесі жыл аяғында Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады. Директорлар кеңесі "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2015-2019 жылдардағы даму жоспарын бекітті.

"Даму жоспары, "Самрық-Қазына" компаниялар тобының қызметтерін, тауарларға баға мен тарифтерді есепке алады, Қазақстанның 2015-2019 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарына негізделіп жасалды. Даму жоспарын жасау кезінде Brent маркалы мұнайдың нақтыланған бағасы да ескерілген", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ Қаржы директоры Нұрлан Рахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/352804-samyryk-kazyna-aldagy-5-zhylga-zhosparyn-bekitti.html