RU

"Сұлтан Сүлейман" сериалының кейіпкері тұрмысқа шығады

"Сұлтан Сүлеймен" сериалына түскеннен кейін танымалдылығы артқан талантты әртіс Сельма Эргеч Can Yayınları онлайн басымылының иесі Джан Озға тұрмысқа шығады, деп хабарлайды cihan.com.tr.

Сұлулығы мен әртістік таланты қатар ұштасқан Сельма Эргеч көптеген ер азаматтардың қол жетпес арманына айналғаны даусыз. Тіпті "Сұлтан Сүлеймен" сериалына түскен түркиялық әртіс Озгюр Чевик те сұлудың жүрегіне жол таппақ болған еді.

Алайда актрисаның таңдауы Озге түсіпті. 35 жастағы ару өзі түсіп жатқан "Дела сердечные" сериалының соңғы маусымы аяқталғаннан кейін, үйлену тойының қамына кірісетінін жасырмады. Қазір қос ғашық жалға алған үйлеріне жиһаздарды орнықтырып, шырайын келтіріп жатқан көрінеді.

Кинодағы мансабын Эргеч "Сеть 2.0" фильмінде сомдаған рөлінен бастаған еді. Бұл туындыны түркиялық және америкалық кинематографтар бірлесіп түсірген. Аталмыш картина экранға шығысымен-ақ көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Алғашқы қадамы сәтті басталған актрисаға бұдан кейін кинорежиссерлер тарапынан түскен ұсыныстар артты. Әсіресе "Сұлтан Сүлеймен" сериалындағы Хатидже Сұлтан рөлі актрисаға үлкен танымалдылық әкелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/353171-syltan-sylejman-serialynyn-kejipkeri-tyrmyska-shygady.html