RU

Орал автосалондары көлік бағасын күрт төмендетіп жіберді

Оралдық автосалондарда сатылатын көліктер бағасы арзандауда. Бұл көрші Ресейде автокөлік құнын құлдыратқан рубль бағамымен байланысты.

Көлік сатып алуды жоспарлаған батысқазақстандықтардың көбі сауда жасауға Ресейге кетті. Бұған таң қалудың қажеті жоқ, себебі көрші елде сатылатын көліктердің ұлттық валютадағы бағасы әлдеқайда арзан.

Орал автосалондарында жаңа көлік сатылымдарының көлемі күрт төмендеді. Сондай-ақ, ресми делдалдар біршама шығынға батты. Себебі көліктер үшін жоғары бағаммен алдын ала төлем жасалып қойған. Ресми делдалдарға автөкөлік бағасын арзандатқаннан басқа ештеңе қалмады.

"Біз қымбат көліктерге 1 млн теңгеге дейін жеңілдік жасаймыз. Ал арзандау көліктерге жасалатын жеңілдік 500 мың теңгені құрайды", - деді автосалон директоры В.Белаш. Алайда, жеңілдіктер болғанның өзінде ресейлік бағалар арзандау болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/353267-oral-avtosalondary-kolik-bagasyn-kyrt-tomendetip-zhiberdi.html