Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тақиялы періште 2" фильмі жарыққа шығады

Опубликовано:

Қазақстанда Шәкен Аймановтың 48 жыл бұрын шыққан "Тақиялы періште" фильмінің жалғасы түсіріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz сілтеме жасап baistars.kz хабарлайды.

Айта кетесек, Қазақфильм" икиностудиясы бұл фильмді 1968 жылы түсірген еді. Картинаның екінші бөлімін кинематографист Марат Сәрсенбаев түсіреді. Ал екінші режиссер — Гүлбаршын Әбуева. Идеясын айтып, сценарийін жазған — Құсман Шалабаев.

Жоба жеке адамдардың қаржысына түсірілмекші. Түсірілім тобы дайындық процесіне кірісіп кетті, түсірілім жұмыстары сәуір айында басталмақ. Сюжетіне келсек, көп жыл өткеннен кейін оқиға қайталанады, бірақ қалыңдықты география пәнінің мұғалімі Тайлақтың немересі іздейді.

"Тақиялы періште" фильмінің түсіріліміне бірінші бөлімінде ойнаған актерлер Әлімғазы Райнабеков (Тайлақтың рөлінде ойнаған), Бибігүл Төлегенова және Шолпан Алтайбаева қатысады. Оларға Дәулет Әбдіғапаров пен Димаш Ахимов қосылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бас кейіпкерлердің роліне жас актерлерге кастинг жарияланған.

"Тақиялы періште" фильмі анасының баласының бойдақ өміріне көңілі толмай, оған қалыңдық іздеуімен ғана емес, актерлердің тамаша ойынымен және Александр Зацепиннің "Ты куда, Одиссей" әнінің орындалуымен де есте қалды.

Содан бері картина үлкендердің ғана емес, жастардың арасында да қызығып көретін кинокомедияға айналды. Ал кейіпкер арасындағы диалогтар мен актерлер айтқан афоризмдер жұрттың жадынан өшкен емес, көрерменнің әлі де көкейінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/353529-takiyaly-perishte-2-filmi-zharykka-shygady/

pixel